«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет48/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Перкуторлы дыбыстар өкпенің және плевра қуысының ақауларына қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Дені сау малдың көкірек қуысындағы өкпенің анық перкуссия дыбысы перкуссия аймағының қақ ортасында жақсы шығады. Перкуссия аймағының жоғарғы жағында ол (мықын түзуінен жоғары) ондағы бұлшық еттердің күшті жетілуі салдарынан бәсең, қысқа және жоғары болып естіледі. Ал төменгі жағынан (иық буыны тузуінен төмен) бұл дыбыс темен және созылмалы болады. Ұсақ малда ірі малға қарағанда перкуторлық дыбыс қаттырақсозылмалы болады. Ірі малда әр аумақ бойынша перкуссия жасаған дұрыс (қабырға аралығында жоғарыдан төмен қарай әр аумақ бойынша анконеустерден перкуссия аймағының артқы шекарасына дейін).


Перкуторлы дыбыстардың өзгеруіне байланысты мына-төмендегідей дыбыстар байқалады: бәсендеу,тимпаниялық, шіңкілдеген, түбі тесік қауақ дыбысындай бәсең.
Бәсең дыбыс өкпе ұлпасында (инфильтрация) қабыну пайда болғанда, көкірек қуысының жақтауы қалыңдағанда (тері астының сулануы) естіледі. Катаральды пневмонияда шектелген сыбдырлы дыбыс, ал астирациялық және гипостатикалық пневмонияда жалпы үнсіз сыбдырлы дыбыс естіледі. Үнсіз сыбдырлы дыбыс, бұл дыбыс плевра қуысына сұйық толғанда немесе өкпе ұлпасы тығыздалғанда (өкпеде ауа жоғалғанда) пайда болады. Егер үнсіз сыбдырлы дыбыс көлденең түзудің бойымен естілсе және қабырға аралық бұлшық ет перкуссия кезінде керіліп тартылса, онда плевра қуысына сұйық жиналғандығын білдіреді (экссудат, транссудат, қан). Бұл кезде мал өз денесін, тұруын өзгертсе көлденең түзу ауытқиды, мал денесі өзгерген бағытына параллель, әсіресе ұсақ малда жақсы білінеді. Фибринозды пневмонияда гепатизация сатысына тұрақты үнсіз бәсең дыбыс пайда болады. Жоғарғы шекарасы түзу емес, көбінесе томпақша келген, ол мал түрған кейпін қанша өзгертсе де өзгермейді. Үнсіз бәсең дыбыс, бәсең қысқа және жоғары болады.

Жылқының ала өкпе (крупозды пневмония) ауруы кезінде өкпенің доға тәрізді бәсеңдеу дыбыс шекарасы (пунктирлі сызықпен өкпенің артқы шекарасы көрсетілген)


Шіңкілдеген дыбыс - нұқу кезінде өкпенің жоғарғы беткейінде ауалы қуыс каверна және бронхоэктаз болған кезде пайда болады және де пневмотороксте, экссудативті плевритте плевра қуысындағы сұйық үстіне жиналған газдың салдарынан шіңкілдеген дыбыс қаттырақ, созылыңқы, жаңғырық үні бар болып келеді, бұл кезде саздың жоғарылығын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет