«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет47/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Көкірек қаңқасын перкуссиялау. Көкірек қаңқасын перкуссия жасау арқылы өкпенің перкуторлық шекарасын, ондағы естілетін перкуторлы дыбыстардың сипатын анықтайды, ірі малда аспапты, ал ұсақ малда көбінесе дигитальды перкуссия жүргізіледі. Перкуссияны тұрып тұрған малда, тыныш, жабық тұрған бөлмеде өткізген жөн.
Топографиялық перкуссиялауда, яғни өкпе шекарасын анықтауда, перкуссияны әлсіз жүргізеді.
Салыстырмалы перкуссиялауда, яғни өкпедегі және плевра қуысындағы өзгерістерді анықтау үшін қысқа, үзілісті перкуссия жасалады. Оны қабырға аралығында, жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Перкуссиялауды жәй немесе қаттырақ жүргізу көкірек қаңқасының қалындығына және зақымданған жердің тереңдігіне, көлеміне байланысты. Есте сақтаңыз: қатты перкуссиялаған кезде перкуссиялаған ұлпаның шайқалысы 7 см тереңдікке дейін тарайды. Перкуссия арқылы зақымдалған жерді табу үшін зақымдалған жердің диаметрі итте 4-5 см, ал жылқыда 7-10 см-ден кем болмауы керектігін ескерген жөн. Қалыпты жағдайда өкпенің перкуторлы дыбысы айқын (жоғары), толық (созылыңқы), тыңқылдаған, атимпаниялы болып келеді. Бұл дыбыс өкпенің айқын перкуторлы дыбысы деп аталады. Өкпені перкуссиялау аймағы бұл көкірек торшасындағы өкпенің айқын дыбысын анықтайтын аймақ. Малда өкпенің перкуссиялау аймағы үшбұрыш тәріздес болып келеді және үш шекарамен шектелген: алдыңғы, жоғарғы, артқы. Шекараларын өкпенің айқын дыбысы басқа дыбысқа ауысуы арқылы анықтайды, яғни сыбдырлы немесе шыңқылдаған дыбыс.
Алдыңғы перкуторлық шекара жауырынның артқы бұрышынан басталып, төмен қарай анконеус сызығымен төс сүйегіне дейін созылады.

Өкпенің артқы перкуторлық шекарасы: 1-сиырдың; ІІ-жылқының; III-шошқаның; IV- иттің; А-жауырыналды аумағы; Б-сербек сызығының бойы; В-шонданай төмпешігі бойы сызығы; Г-иық буыны сызығы


Ірі қара малда алдыңғы аяғын созғанда жауырын алды перкуссия аймағы байқалады.
Азған малда ол 1-3 қабырға аралығында, жауырын алдында болады. Жауырын алды перкуссия аймағы төс сүйегінен басталып, жоғары қарай жауырынның ортасына дейін жетеді, иық буыны үстінде 6-8 см көлемді алады. Перкуссия кезінде бұл аймақтан өкпенің айқын перкуссия дыбысы естіледі.
Бұқада және қонды сиырда жауырын алды аймағы кіші болып келеді. Ол иық буыны үстінде 2-3 саусақ көлемінде, перкуссия кезінде өте әлсіз, қысқа және жоғары дыбыс естіледі.
Жауырын алды аймақты перкуссиялау диагностикалық тұрғыдан өте мәні зор, ол туберкулез, ала өкпе ауруларын анықтау кезінде айтарлықтай орын алады. Өкпенің жоғарғы перкуторлық шекарасы жауырынның артқы бұрышынан басталып артқа қарай көкірек омыртқасының қырлы есігіне параллель орналасқан қырлы есіктің бойымен малда алақан бойындай (азған малда 3-4 саусақ аралығында), ал ұсақ малда 2 саусақ аралығында төмен орналасқан.
Өкпенің артқы перкуторлық шекарасының клиникалық айтарлықтай мәні зор. Оны перкуссиллау арқылы көлденңіненжүргізілген үш түзу арқылы анықтайды:

  • мықын түзуі (сербек);

  • шонданай төмпешігі түзуі;

  • иық буыны түзуі.

Әр түзуді алдынан артқа қарайғы бағытты кезекпен перкуссия жасау арқылы жүргізеді. Өкпенің артқы перкуторлы шекарасының орналасуы әр малда әртүрлі болады. Олардың орналасуын өкпенің айқын дыбысының, сыбдырлы немесе шыңқылдаған дыбысқа өзгеруі арқылы табады.
Перкуторлы шекараның өзгеруіне мыналар жатады:
- шекараның үлкеюі, ол өкпе эмфиземасында, пневматорокста байқалады;
- шекараның кішіреюі, мұндай жағдайда құрсақ ішіндегіқысымның көтерілуі әсер етеді (қарын кеңейгенде, ішекметеоризмінде, мес қарынтолғанда), бауыр ісінгенде, жүректіңкөлемі үлкейгенде (перикардит,гипертрофия және жүрек үлкеюі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет