«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет43/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Қалқанша безді зерттеу. Малдарда қалқанша безі екі жұқа бөліктерден тұрады, олар өзара көпір арқылы қосылған, кеңірдектің үшінші сақинасының екі жағында орналасқан. Оны қарау және сипау тәсілдерімен зерттейді: безді еқі қолмен сырғыта сипайды, бұл кезде оның көлеміне, консистенциясына, қозғалғыштығына және сезгіштігіне назар аударады.
Жылқыда қалқанша бездің көлемі онша үлкен емес және сипау қиынға соғады, ірі қара малда ол көгершін жұмыртқасы көлеміндей, қатты, қозғалғыш, сипағанда ауырсыну байқалмайды.
Жөтелді зерттеу. Жөтелге баға берген кезде оның күшіне, ырғағына, ұзақгығына, сипатына және басталған ұзақтығына назар аударады, егер зерттеу кезінде жөтел болмаса, онда оны жылқыда кеңірдектің бірінші сақинасын саусақпен қысу, ал ірі қара малында танауды сүлгімен жауып тұру немесе жүргізу, итте (өкпе мен бронхы ауруларында) көкірек куысын екі жағынан қолмен қысу және күшті пальпация жасау арқылы жөтелтуге болады.
Жөтелдің күші терең тыныс алуға, өкпе ұлпасының серпімділік қабілетіне, дауыс сіңірінің жағдайына байланысты.
Көмей, кеңірдек, бронх кілегейлі қабығы қабынғанда жөтел ерекше күштілікпен айрықшаланады. Өкпе қабынғанда (пневмонияда, созылмалы эмфиземада, плевритте, өкпе плеврасы басқа ағзалармен жабысып қалғанда) жөтел әлсіз болады. Жетелдің жиілігі тыныс жолдарының ақуалы салдарына және ауру құбылысына байланысты өзгереді. Тыныс жолдарының кілегейлі қабығының тітіркендіру күшіне қарай жөтел сирек, әлсіз келеді, ал кейде ұстамалы түрге айналады.
Жөтелдің ұзақгығын дауыс желбешегінің ақуалына және дауыс қуысының тығыз жабылуына байланысты. Дауыс қуысы толық жабылғанда жөтел қысқа болады. Дауыс желбезегі жуандағанда және дауыс қуысы толық жабылмағанда жөтел созылыңқы болып келеді (қырылдақгы, кемей қабынып, дауыс сіңірі жуандағанда). Жетел дауыс сіңірінің қаттылығынан, дауыс қуысының тығыз жабылмауынан және тыныс шығару күшімен анықталады. Жөтел мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді: жоғары, төмен, ылғалды, құрғақ, дауысты, дауыссыз, қырылды және иттің үруі тәрізді.
Жоғарғы және дауысты жөтел бронхылар мен кеңірдектің кілегейлі қабығы қабынғанда байқалады. Өкпе, плевра қабынғанда, дауыс сіңірінің созылғыштық қасиеті жойылғанда төмен және дауыссыз жөтел пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет