«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет51/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Ылғалды немесе көпіршікті сырылдар - тыныс жолдарында сұйық, жеңіл жылжымалы экссудат, қан жиналған кезде болады. Дыбысына және пайда болған орнына байланысты олар ұсақ, орта және үлкен көпіршікті сырылдар болып бөлінеді. Ұсақ көпіршікті сырыл көбіне ұсақ түтікті бронхтарда (микробронхитте), ал үлкен көпіршікті сырыл үлкен бронхиттерде болады, олар бронхоэктазда, микробронхиттің қуысында кездеседі. Кейде тындау кезінде өкпеден үлкен, орта және ұсақ көпіршікті сырылдар қысыла естіледі (диффузиялы бронхитте, өкпе ісінгенде). Кеңірдекте сұйық өте көп жиналғанда қырылдаған шуыл естіледі.
Шатырлаған немесе шытынаған дыбыс - сырыл кезінде шытынаған және қытырлаған дыбысқа ұқсас болып келеді. Олар тыныс шығару фазасында естіледі. Бұл сырыл интерстициалды эмфиземада пайда болады. Демек ауа жыртылған альвеолярлар арқылы өкпенің интерстициалды ұлпасына еніп, дем шығару кезінде соны бойлай жүріп отырады. Бұл қырылға шалдыққан ауру малда бірден ентігу байқалады және тері асты эмфиземасы пайда болады. Тері асты эмфиземасы көбінесе ірі қара малда туберкулезбен зақымданған өкпенің жыртылуы кезінде байқалады. Крепитация дегеніміз - біркелкі майда шытырлаған дыбыстар, олар дем шығару кезінде естіледі. Бұл дыбыстың естілуі ұсақ тұзды жанып тұрған отқа тастаған кездегі шытырлаған дыбысқа ұқсас келеді. Крепитация альвеоляларда созылмалы, жабысқыш экссудат болған кезде байқалады, ауа шыққан кезде альвеолалар қабырғасы жабысып, ал ауа кірген кезде, яғни дем алған кезде жабысқан альвеолялар қабырғалары шытырлап ажырай бастайды, міне осы кезде дыбыс пайда болады.
Крепитация ала өкпеде қызару сатысында және өкпе ісігінің алғашқы сатысында байқалады.
Плевра үйкелісінің шуылы аяқ астындағы қардың сықырына, жаңа былғарының сықырына ұқсас, кейде ол тырналған дыбысқа ұқсас болып келеді. Көбінесе үйкеліс шуылы көкірек қуысының төменгі үштен бір бөлігінде байқалады. Шынтақтың астында ол екі тыныс фазасында естіледі. Кейде үйкеліс шуылы тексеру жүргізген тексерушінің дәл құлағының астынан шыққандай болып естіледі. Кейде ол тұрақгы болмайды және плевра қуысына экссудат жиналған кезде естілмейді.
Плевра үйкеліс шуылы плевриттің алғашқы сатысында байқалады және фибринозды плевритте, жылқының жұқпалы плевропневмониясында, ірі қара малда плевраның туберкулезбен зақымданған кезінде білінеді. Плевра үйкеліс шуылы болған кезде, көкірек қуысының перкуссия кезінде ауырсыну байқалады. Сұйық шалпылы плевра қуысында бір мезетте сұйық немесе ауа және газ жиналғанда кездеседі. Ол пневмоторокста, асқынған плевритте, өкпе гангренасында және пневмотораксте естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет