«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет46/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Саккадирлі немесе үзілісті тыныс ерекшелігі тыныс алу мен тыныс шығару акты бірнеше бөлініп, күшеніп тыныс алынады. Бұл аритмияда, плевритте, микробронхитте, қабырға сынғанда, өкпенің альвеолярлы эмфиземасында, энцефалитте, менингитте, кетозда, уремияда байқалады.
Кусмаульдың үлкен тынысы - тыныс алу санының минутына азайғанын, тыныс алу фазаларының біразға созылып, терендеуін көрсетеді. Бұл уақытта тыныс шығару кезінде әр түрлі шуылдар естіледі (ысқырған, қырылдаған). Кусмаульдың үлкен тынысы жұқпалы жылқы энцефалитінде, бұзау паратифінде кездеседі.
Биот тынысы - бұл тыныс жоғарылығы түзу, бірақ күшенген тыныс алу қозғалысынан кейін қайталанып тұратын ұзақтығы 20-30 секунд үзіліспен ерекшеленеді. Үзілістен кейін тағы тыныс алу қозғалысы байқалады.
Бұл аритмия энцефалитте, менингитте, ми ісігінде, миға қан құйылғанда болуы мүмкін.
Чейнсток тынысы - бұл тыныс ұзақтығы 15-30 секунд үзілістің пайда болуымен, сонан соң бірте-бірте күшейетін тыныс алу қозғалысымен сипатталады. Ең жоғарғы деңгейіне жетіп, сонан біртіндеп әлсізденіп үзіліске айналады.
Бұл тыныс алу аритмиясы ми және оның қабығына суық тигенде, миға қан құйылғанда, миокардитте, аутоинтоксикациада және басқа улану кезінде байқалады.
Грок тынысы - тыныс алу координациясының бүзылуын көрсетеді. Бүл тыныс алу ағзалардың келісілмеген түрде жасалған жүмысымен сипатталады. Мысалы: тыныс алу кезінде кекірек қуысьшың бүлшық еттері тыныс алу, ал диафрагма керісінше тыныс шығару қозғалысын жасайды. Грок тынысы жүкпалы жылқы энцефалитінде және аутоинтоксикацияда байқалады.
Ентігу (диспноэ) - тыныстың тарылуы, бұл тыныс ырғағы, түрі, тереңдік және саны бұзылуымен бірге кездесетін қасірет. Тыныс алудың әр фазасына қарай инсператорлы, экспираторлы және аралас ентігу болып бөлінеді. Инсператорлы (тыныс алу) ентігу тыныс алу кезінде өте зілді өтуімен сипатталады, бұл кезде мал басын және мойнын созып, танау тесігін кеңірек ашып, алдыңғы аяқтарын талтайтып қойып, тыныс алады.
Тыныс алу инсператорлы ентігу кезінде созылыңқы және күшейген, бұл кезде қырыл, ыңырану немесе ысқырған дыбыс пайда болуы мүмкін. Инсператорлы ентігу жоғарғы тыныстану жолдарының тарылуынан пайда болады. Ол танау кілегейлі қабығы ісінгенде, танау қуысы қабынғанда, сүйегі сынғанда, көмей және кеңірдектің шеміршегі сынғанда, қалқанша безі үлкейгенде байқалады.
Экспираторлы (тыныс шығару) ентігу кезінде тыныс қиындықпен екі бөлініп созылыңқы болып шығады және мал мазасызданып, шабын тепкілей бастайды. Мұндай ентігу диффузиялық бронхитте, микробронхитте, өкпенің альвеолярлы эмфиземасында және т.б. кездеседі.
Аралас ентігу кезінде, тыныс алу мен тыныс шығаруда өте ауырсынумен өтеді. Бұл тыныс жүйелері ауруларында кездеседі, бұған қосымша жоғарғы тынысының азайғаны, қан айналымының бұзылғаны, ішкі құрсақ қысымының жоғарылағаны әсер етеді.
Көкірек қаңқасын сипау кезінде көкірек қаңқасының сезгіштігін, дене қызуын және оған орай ісіктер, сезілетін шуылдар бар ма, соны анықтайды. Көкірек қаңқасының сезгіштігін үлкен саусақпен немесе перкуссия балғашығының сабымен қабырға аралығындағы ұлпаны басып көру арқылы анықтайды. Басқан кезде саусақты жоғарыдан төмен, яғни жүнінің жатысының бағытына қарай сипап жүргізеді.
Көкірек қаңқасының өте жоғарғы сезгіштігі плевриттің алғашқы сатысында, қабырға сынғанда байқалады. Қызуының көтерілуі, ісіктер көкірек қабырғасының ұлпаларының қабыну құбылыстарының салдарынан пайда болады. Ұсақ малда көкірек қаңқасы қызуының көтерілуі көбіне плеврит кезінде байқалады. Қабырға мен қабырға шеміршегінің қосылған жеріндегі қабырғаның жуандауы рахитте кездеседі. Көкірек қаңқасын сипау кезінде тысырлаған шуылдың байқалуы ондағы тері астындағы эмфиземаға байланысты. Көкірек қаңқасында толқын тәріздес шуыл плевритте, бронхитте алақанымызды қабырғаға қойған кезде білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет