Шамамен 9 ғасырдың соңында Қарахан кесенесінің шығыс жағынан 50-70 метрдей жерде салынған. Мешіт шаршы нысанды. Сыртқы жағы 20х20 метр, ішкі залының көлемі 14,6х14,15. мешіт ішінде бағаналардың 4 қатар тастан қаланған табандары сақталған. Қабырғалары құрамдастыра қалау техникасы бойынша пахса блоктар мен қам кірпіштен өрілген.
Тарихшылар бұдан басқа ерте орта ғасырға жататын екі мешітті анықтады. Бірі – араб географы Мақдисидің еңбектерінде кездесетін Отырардан табылған күмбезді мешіт. Екіншісі – Маңғыстаудағы Шақпақ ата жерасты мешіті. Бұл мешіттің ерекшелігі жартаста тұрғызылған.
Қарахан дәуірінде мұсылмандар саны артқандықтан көп қалаларда мешіт салу көбейді. Осылайша Отырар, Түркістан, Сайрам, Тараз, Ілебалық сияқты қалаларда мешіттер салынған. Алайда бұл мешіттердің барлығы дерлік моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылып, жойылған.
ТҮРКІЛЕР НЕГЕ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ?
Ата-бабаларымыздың Исламды жатсынбай қабылдауының себебі, түркілердің байырғы Тәңірлік сенімі монетеистік наным болатын. Бұл концепцияны, бүкіл өмірін осы тақырыпқа арнаған атақты тарихшы Китапшы айтқан. Х ғасырда ибн Фадлан түркілдердің ішінде болғанында, тәңірлік сенім мен Ислам дінінің ұқсастығына таң қалғанын жазған болатын. Мәшһүр Жүсіптің дерегіндегі түркілердің: «Озған пайғамбардың үмбетіміз» дегенінде, Хақ Елшісінің бұл сенімді терістемеуі, ата-бабаларымыздың ханиф (таза) сенімінде болғанын көрсетеді. Яғни, арғы бабалырымыздың ұстанған Тәңірлік сенімі Хақ дінге (исламға) шүбәсіз сеніп, тез қабылдауына игі әсер етті. Бастапқыда Орта Азия халықтары Ислам дінін насихаттаушыларға себебі, өр кеуделі Ер түріктің ұрпағы Исламды күшпен қабылдағысы келмеді. Ақыр-аяғында Орталық Азия халықтары «әһлі суннәның» рационалистік бағыты саналатын (шариғатта) Ханафи және (ақидада) Матуруди мазхабын қабылдады. Себебі, бұл ағымдар әрбір мәселеге ақыл-парасатпен қарауға шақыратын еді. Сондай-ақ, Исламның сопылық бағыты да ежелгі түркілердің алып-ерендік, жыраулық, сал-серілік дәстүрімен сай келетін. Осы үндестік сопылық ілімнің қазақ халқының жүрегінен орын алуына игі ықпалын жасады. Сөйтіп VIII ғасырдың орта тұсында қарлұқтардың Ислам дінін қабылдауымен басталған илаһи үдеріс, XVI-XVII ғасырда Керей мен Найман тайпаларының Хақ дінді қабылдауымен толықтай аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |