Қолданыстағы техникалық құжаттамада көзделген тұтынушыға арналған кажетті барлық ақпарат байытылған нан тоқаш өнімдеріне арналған ілеспе құжаттамада жазылуы тиіс. Буып-түйілген байытылған нан-тоқаш өнімдері «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенттің және мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтылған ҚР СТ 1010 талаптарына сәйкес келетін таңбалануы болуы тиіс: Қолданыстағы техникалық құжаттамада көзделген тұтынушыға арналған қажетті барлық ақпарат байытылған нан-тоқаш өнімдеріне арналған ілеспе құжаттамада жазылуы тиіс. 4.3.2 Буып-түйілген байытылған нан-тоқаш өнімдері «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенттің және мемлекеттік және орыс тілдерінде камтылған ҚР СТ 1010 талаптарына сәйкес келетін таңбалануы болуы тиіс:
өнімнің атауы;
байытылған ұннан жасалған ұнның сорты және ұнға косылған витаминдер мен микроэлементтер
дайындау күні мен сағаты;
жарамды мерзімі;
100г. өнімдегі тамақ және энергетикалық құндылық туралы ақпараттық мәліметтер
осы стандарттың белгісі;
дайындаушы-кәсіпорынның атауы, оның мекенжайы немесе өнімнің сапасы бойынша шағымдар қабылдайтын ұйымның атауы және деректемелері;
сәйкестігін растау туралы ақпарат;
дайындаушының тауарлық белгісі.
4.4.1 Байытылған нан-тоқаш өнімдері буып-түйіліп және буып-түйілмей шығарыла береді.
Қауіпсіздік талаптары бойынша буып-түюге арналған ыдыстар мен материалдар «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне жауап беруі және бакылаушы органдардың бірінші талабы бойынша көрсетілетін және алынған буып-түюдің топтамасын толық пайдаланғанға дейін кәсіпорынның наубайханасында сақталатын Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен (немесе оның көшірмесімен) ілесуі тиіс.
4.4.2 Байытылған нан-тоқаш өнімдерін суыған түрінде мынадай буып-түю материалдарының түріне салады:
- екі қабат полиэтилен қағаздан немесе өзге материалдарға және олардан жасалған пакеттерге;
- ГОСТ 25951 бойынша полиэтилен термоотырғызу үлдіріне;
- ГОСТ 10354 бойынша полиэтилен үлдіріне және олардан жасалған пакеттерге;
- ГОСТ 26996 бойынша полипропиленнен жасалған қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша полипропилен улдіріне;
- ГОСТ 7730 бойынша целлофан үлдіріне;
- полиэтилен, пропилен, целлофан, полиамид негізінде құрамаланган пленкалы материалдар және ГОСТ 16337, ГОСТ 16338 бойынша олардан жасалған пакеттер және тасымалдау және сақтау кезінде өнімнің сақталуын және тауарлық түрін камтамасыз ететін Қазақстан Республикасынын Мемсанэпидкадағалау органы нан-тоқаш өнімін өндіруде пайдалануға рұқсат етілген өзге буып-түю материалдары.
4.5 Дайын өнімді салу (Байытылған нан-тоқаш өнімдерін салу ГОСТ 8227 бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |