Внутривузовская студенческая



Pdf көрінісі
бет59/111
Дата10.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#190841
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111
Байланысты:
sbornik-26.02.2020

УДК 612.821.2
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖАДЫЛАРЫН БАҒАЛАУ
 
 
Қадылбек
 
Ж.А., Казезбеков Е.Е.
 
Ғылыми
 
жетекші: Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы, медицина 
ғылымының магистрі Атабаева А.К
 
 
«Семей медицина университеті» КеАҚ
 
 
Өзектілігі: 
Зерттеу жұмысы студенттердің есте сақтау қабілетіне негізделен. 
Ғылыми
жұмыс 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың наурыз айы 
аралығында Семей Медицина Университетінің 2
-
4 курс студенттері арасында 
жүргізілді. Зерттеуде студенттердің есту және визуалды жадыларын салыстыра 
отырып, олардың оқу үлгерімін жақсартуға ақпаратты қандай әдіспен қабылдаған 
тиімді болатыны қарасытырылды. 
 
Мақсаты:
Студенттердің есту және визуалды есте сақтау қабілеттерін 
салыстырмалы түрде зерттеу.
Материалдар мен әдістер: 
Зерттеу жүргізуде 2
-
4 курс аралығындағы 100 
студенттер қатысты. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы студенттердің есту және 
визуалды есте сақтау қабілетін тексере отыра, олардың қысқа мерзімді жадыларын 
зерттелінді. Әдістері ретінде:
 

Студенттердің қысқа мерзімді визуалды есте сақтау қабілетін бағалауға 
арналған «Суреттерді есте сақтау» және «Кестедегі сандарды есте сақтау» 
тапсырмалары;

Студенттердің қысқа мерзімді есту арқылы есте сақтау қабілеиін бағалауға 
арналған «Сөздерді есте сақтау» және «Сөйлемді есте сақтау» тапсырмалары 
орындалды.
Зерттеу нәтижесі: 
Семей Медициналық Унверситетінің студенттері 
орындаған тапсырмаларының нәтижесі келесідей болды:
1.
«Суреттерді есте сақтау» тапсырмасы бойынша: 
Нәтижелер ескеретін болсақ, «жақсы»
бағалау жүйесі ең жоғарғы көрсеткіштерді 
көрсетті, яғни суреттер арқылы есте сақтау студенттер үшін тиімді екендігін 
көрсетеді.
2. «Сөздерді есте сақтау» тапсырмасы бойынша: «Суретті есте сақтау» 
тапсырмамен салыстыра отыра, «сөздерді есте сақтау» тапсырмасының нәтижесінде 
«Қанағаттанарлық» бағалау жүйесі әлдеқайда жоғары пайызды көрсеткендігін 
байқадық. 
Қорытынды: 
Алынған нәтижелерді қарастыра отырып, студенттердің есте 
сақтау қабілеттері, соның ішінде визуалды есте сақтау қабілеттері есту жадыларынан 
қарағанда әлдеқайда жақсы дамығандығына көз жеткізілді. Осыған байланысты, 
білімді ұрпақ санын көбейту мақсатында студенттерге берілетін ақпараттарды кесте, 
сызба не болмаса суреттер ретінде көрсетіп, жеткізуді ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет