Дәрігердің қабылдауына 5 жастағы қыз бала келді. Анасының айтуынша, қайталамалы немесе өнімсіз жөтел, түнгі уақытта күшейеді немесе дистанциялық сырылдармен және тыныс алудың қиындауымен жүреді. Жөтел физикалық жүктемеде, күлкіде, жылағанда немесе темекі түтінімен байланысқанда қазіргі уақытта респираторлы инфекция болмаса да пайда болады. Дәрігер науқаста бронх демікпесіне күмән тудырды. Осы жастағы науқастарда бронх демікпесін диагностикалаудың негізгі шарттары қандай?
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 күн бойы ауырып жатқан 7 жастағы балаға шақырды. Температура 38,5С. Дененің барлық бөлімдерінде гиперемия, анық ұсақ нүктелі бөртпе. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Аңқасында ашық гиперемия, бадамшалараында ақшыл-сарғыш шөгінді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек үндері тұйықталған. Ақ дермографизм. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?