- Электрондық кестеге сандар енгізу =, +, — таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Егер енгізілген санның ені ұяның енінен артық болса, онда сан экспоненциал түрде бейнеленеді немесе ол санның орнына # ### тәрізді таңбалар шығады (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
- Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциал түрде бейнеленеді. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5,01Е+08 болып жазылады, ол яғни 5,01-108 деп бейнелеудің баламасы. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5-109). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қай айыру таңбасын қолдану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |