Қателесуден қорықпаңыздар!Орындалған әрбір әрекет әсерін болдырмай, оны алып тастауға болады. Егер жұмыс барысынды сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету-Болдырмау (Правка-Отмена)командасын орындау арқылы (қажет болса, бірнеше рет орындау керек) алып тастауға мүмкіндік бар немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты саймандар панелінің оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ен соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.