Excel кестелерінде кез келген ұяға мәліметтердің үш түрін енгізуге болады, олар: текст, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтің формула, сан немесе текст екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе "'" (апостроф) болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе "=" болса, онда ол ұяға формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе формула қатарында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.