Қатар нөмірі — электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының (жолдарының) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.
Қатар нөмірі — электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының (жолдарының) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.
Бағана әрпі — электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.
Бағаналар А — Z, содан соң АА — АZ, одан кейін ВА — ВZ және т. с. с. болып белгіленеді.
Ұя (тор) — электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады. Мысалы, ВЗ — В бағанасы мен 3-қатардың қиылысындағы ұя дегенді білдіреді.
Ұя сілтемесі (көрсеткіші) — жұмыс істеуте тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты теңбілтор таңба. Теңбілтор пернелер кемегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады.