Excel-ді іске қосу үшін онымен байланысқан шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, тышқанды екі рет сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде экранға суретте көрсетілген терезе шығады (программаны орнату параметрлеріне байланысты аздап басқаша болуы ықтимал).
Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесіңде мынадай объектілер бар:
Жоғарғы қатар — басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы.
Екінші қатар - Excel меню қатары.
Үшінші және төртінші қатарлар — Стандартты және Форматтау саймандар панелдері.