Меню жүйесін екпінді етіп іске қосуда әдеттегідей стандартты тәсіл қолданылады, ол үшін Word-тағы сияқты Alt не F10 пернесін басу жеткілікті. Сол сәтте меню қатарындағы бір сөз теңбілденіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен тандалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, олардың да бірін, пернелерімен белгілеп алып орындау үшін Enter пернесін басу керек. Меню командасын орындамай, іс-әрекеттер жұмысын доғару үшін Esc пернесі басылады.
Word редакторындағыдай мұнда да орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.
Енді злектрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық.