Бесінші қатар - енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары. Бесінші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасады. Жұмыс парағындағы қатарлар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі қатары — қалып-күй (қалып) қатары. Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайындықрежимінде болып, индикатор "Дайын" (Готов) деген сөзді бейнелеп тұрады.
Кез келген ұяшықтарғы немесе блоктағы символдарды әртүрлі қаріптермен даярлауға болады. Ол үшін ұяшықты немесе блокты ерекшелеп алып, содан кейін Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын немесе Формат=>Ұяшық=>Қаріпкомандасын орындаса болғаны.
Кестелер деген тақырып үшін Courier New Cyr қаріптерін пайдаланып, оның мөлшерін 14 етіп, өзін қалыңдатылған түрде жазып шығыңыз.
Форматтау аспаптартақтасының батырмасы арқылы "негізгі" және "қосалқы" сөздері үшін Times Kazakh қарпінің 12 мөлшерін алып, оны қалыңдатылған (полужирный) түрде Жазып шығыңыз.
Формат=>Ұяшық=>Қаріп (Формат=>Ячейки=>Шрифт)меню командасы арқылы кесте тақырыптарын Times Kazakh қаріптеріне өзгертіп, мөлшерін 12 етіп, қисайтылған (курсив) түрде жазыңыз.