Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу. Кестенің осы объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:
Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу.Кестенің осы объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:
бағананы белгілеу — бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет сырт еткізу;
бірнеше бағана белгілеу — алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
қатарды белгілеу - қатар нөміріне сәйкес санды тышқанмен белгілеп алып, оны бір рет сырт еткізу;
бірнеше қатарды белгілеу — алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен жылжыту;
блокты белгілеу — тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұясына жеткізу арқылы;
жұмыс парағын толық белгілеу - тышқан курсорын бағана аттары мен қатар нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет сырт еткізу арқылы орындалады.