Excel -де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестері мен сандардың, функциялардын арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады.
Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе қатарлар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып бағананы немесе қатарды кеңейту (тарылту) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды (қатарларды) белгілеп қойып, Формат-Қатар-Мөлшер (Размер) немесе Формат-Бағана-Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.