Мектеп:
мұғалімі:
|
Сабақ:
|
Қазақ әдебиеті
|
Сабақ тақырыбы:
|
Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік»
|
Сынып: 6
|
Күні:
|
ҚатысқандарҚатыспағандар:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Қалқаман Сариннің өлеңдері жайлы ақпарат береді, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ақынның шығармашылығы жайында айтады, өлеңдерін сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): Тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды.
|
Сілтеме
|
« Қазақ әдебиеті» бағдарламасы, 6-сынып оқулығы
|
Жаңа сөздер
|
Шер, мұң, өзек, бодан, буғаулану, өгей, алшаң басу, еңсе, құрсау, боздақ.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Интерактивті тақта, компьютерлік презентация, тақырыпқа қатысты оқу материалы, «Уа, еркіндік! Сенсің менің ең ғажап өлеңім» бейнематериал, ватман, маркерлер
|
Оқыту әдістері, стратегиялары
|
«Галереяға саяхат», «Ыстық микрофон», «Тізбектелген моншақтар», «Стикердегі диалог», «Ыстық орындық», «3 сөзбен» стратегиялары
|
Дереккөздері
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, сөздік
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
5 мин
|
*Сәлемдесу;
* Оқушыларды түгендеу;
* «Галереяға саяхат» стратегиясы (тақтада, қабырғада Қалқаман Сарин жыр жинақтарының, үнтаспасының, жетістіктерінің, отбасының, бітірген оқу орнының, жұмыс орнының түрлі суреттері ілініп тұрады);
* Оқушыларды 3 топқа бөлу (галереядағы суреттер бойынша- жетістіктері, қызметі, туындылары), топпен жұмыс жасау ережесін еске түсіріп, спикер, таймспикер, көшбасшы, аудармашыларды тағайындау.
|
Қалқаман Сариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты суреттер
|
Қызығушылықты ояту-ҮТТ
6 мин.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын белгілеу
5 мин
|
Үй тапсырмасын тексеру- «Ыстық микрофон» стратегиясы
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді (Қалқаман Сариннің өмірі мен шығармашылығы)
-Сонымен қатар сендер тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратпен танысып келу керек едіңдер, қарай алдыңдар ма? (иә)
-Ақынмен кездескілерің келе ме? (иә)
- Ақынмен кездескен кезде қандай сұрақ қояр едіңдер? Сол сұрақтарыңды алдарыңда жатқан стикерге жазып қойыңдар- 0,5мин
- Балалар, кім ақын болғысы келеді? (мен)
-Қазір, балалар, біз сендермен рөлдік ойын ойнаймыз, ойынымыз «Ыстық микрофон» деп аталады. Паша Қалқаман Сарин болады, ал сендер тілші боласыңдар. Тілшілер не істейді? (сұрақ қояды)
-Балалар, суретке назар аударыңдар, қалай ойлайсыздар, бұл суреттер нені білдіреді (мен неге бұл суреттерді сендерге ұсындым)
-Біз бүгін сабақта Қалқаман Сариннің сүйікті ісі туралы сөйлесеміз.
-Қалқаман Сариннің сүйікті ісі не? (өлең жазу)
-Сабақтың тақырыбы: «Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі»
-Ал енді келесі слайдқа назар аударыңыздар.
-Сабақта жаңа сөздермен танысып, мағанасын ашады. Қалқаман Сариннің Тәуелсіздік өлеңі туралы сөйлесеміз, класстер құраймыз, компьютер арқылы тест орындаймыз.
-Жарайсыңдар, балалар!
|
Стикерлер
Компьютерлік презентация,
Қалқаман Сариннің портреті
Бірін-бірі бағалау:
|
Достарыңызбен бөлісу: |