1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет17/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Жүріп жасайтын жаттығулар .

1. Табанмен немесе аяқтың сыртқы қырымен айналып жүру.

2. Өкшені сыртқа, аяқтың ұшын ішке бұрып жүру.

3. Аяқтың ұшымен жартылай отырып жүру.

4. Тегіс емес ағаштың үстімен жүру.
Кеуде және бел омыртқа остеохондрозына арналған жаттығулар ;

1. Жатқан қалыпта екі қолды жоғары көтеріп, терең дем алады, қолды төмен түсіргенде демді шығарады. Демді дұрыс алу керек. Қайталау 4-5 реттен.

2. Екі аяқты бүгіп жазады. Еркін дем алу керек.Қайталау 6-10 реттен.

3.Жатқан қалыпта иықты, жауырынды, белді, бөксені қатты төсекке басып батырғандай болады, содан кейін босатады (5-7 сек). Мүмкіндігінше қаттырақ қысу керек. Қайталау 3-4 рет.

4.Іштің көк етін дем алуға қосу.Қайталау 3-4 реттен.

5.Шалқадан жатып, аяқты бүгеді. Табан мен шынтаққа тіреліп, жамбасты жоғары көтереді. Көтерілген кезде бұлшық ет жиырылуы тиіс.Қайталау 4-5 рет.

6.Ішпен жатып, иықты көтеріп екі қолмен жүзудің әдісін жасайды. Асықпай бірқалыпты ырғақпен. Қайталау 6-8 реттен.

7.Екі аяақты алма-кезек екі жаққа жіберіп, кушеткаға тигізбей қайта орнына қойады. Еркін дем алады. Қайталау 4-6 реттен.

8.Екі қолды алға созып, одан соң желкеге қойып, кеудені көтереді. Қайта қалпына келеді. Баяу ырғақпен. Дем алу ерекше. Қайталау 4-5 реттен.

9.Төрт тағандап, еңбектеп тұрады (шынтақ пен тізеге тіреліп). Екі қолды алға созып, өкшеге басылып отырады. Орташа қарқынмен. Қайталау 4-6 реттен.

10.Сол қалпында, оң жақ тізені сол қолға қарай созады, керісінше. Дем алу еркінше. Қайталау 6-8 реттен.

11.Оң жағынан жатып; үстінгі аяқты жоғары көтеріп 5-7 сек. ауада ұстап тұру. Кейін екі аяқты бірдей көтеріп ұстап тұру. Сол жағына жатып жаттығуды қайталау. Дем алу еркін. Қайталау 3-4 реттен.

12.Бір қырынынан жатып үстіңгі қолды жоғары көтереді, ол кезде омыртқа кеуде артқа қайқаймағаны дұрыс. Екінші қолменде соны жасайды. Денені түзу ұстау керек. Демді еркін алады. Қайталлау 4-6 реттен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет