43.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өзгеше ойлаудың қудалануы: Олжас Сүлейменов және О.Исмағұлов еңбектерінің зиянды деп танылуы.
Партиялық мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80жылдардың басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көрністеріне , патриархалдық құрылысты дәріптеуге күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларға сай келмеген өз қөзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интелигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Солардың бірі ретінде Олжас Сүлейменовтің Азия еңбегін айтсақ болады. Олжас Сүлейменов - көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, белгілі ақын.1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді.1976 жылы маусымның 17-сінде Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабын айыптаған Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің қаулысы қабылданды. КСРО ғылым академиясы «Аз и Я» кітабын екі жылда екі рет арнайы талқылап, автордың «өрескел қателіктерін» көрсетті.Академик Дмитрий Лихачев «Слово о полку Игореве» и культура его времени» деп аталатын монографиясының бір тарауын Олжас Сүлейменовке арнап, қазақ ақынының пікірлерінен ұлтшылдық сарын «тапты», зерттеу тәсілдерін «түкке тұрғысыз» деп атады. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады.Сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Олжас Сүлейменовтың «Мен "Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден біте қайнасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жақындасумен, бауырласумен өткенін, халықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпараттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз деп жазған болатын.
Кеңестік билік ғалымдар арасында ой пікір бостандығына барынша тиым салды.Антрополог Оразақ Исмагуловтың “Қазақстанның этностық генографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген ру тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланыстырып біржақты баяндаған деген айып тағылды. Кейін бұл айыптың барлығы алынып тасталды.
Достарыңызбен бөлісу: |