А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет106/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153
Байланысты:
S4

12.2.
 
Гидрокрекинг 
 
Гидрокрекинг (деструктивті гидрлеу, гидродеалкилдеу) көп жағдайда 
бифункциональды катализаторларда жүргізіледі, гидрлеу реакциясында да, 
крекинг реакциясында да белсенді болып келеді. Катализатордың крекинглеу 
функциясын реакцияны карбкатионды механизмге бағыттайтын қышқылдық 
сипаттағы қосылыстар (алюминий оксиді, алюмосиликаттар, цеолиттер), ал 
гидрлеу функциясын негізінен VIII топтың металдары (
Fe, Co, Ni, Pt, Pd
және 
т.б.) қамтамасыз етеді. Гидрокрекинг процесінде әртүрлі мұнай 
дистилляттары (кейде ауыр қалдық заттар) сутегі қысымында, орташа 
температурада өңделеді. Процестің икемділігі, берілген шикізаттан жоғары 
сапалы 
әртүрлі 
өнімдердің 
алыну 
мүмкіндігі 
гидрокрекинг 
қондырғыларының қуатының тез қарқында артуына себепші болды. 


178 
12.2.1.
 
Алкендердің гидрокрекингі 
Алкендер катализатордың қышқылдық орталығында карбкатионға 
айналып, осы бөлшектерге тән реакцияларға түседі. Олар изомерлену
және β–ережесі бойынша ыдырау реакцияларына түседі:
 
Сонымен қатар катализатордың гидрлеуші орталығында алкеннің 
қанығуы жүреді. Қышқылдық белсенділігі жоғары катализаторларда төменгі 
молекулалы тармақталған қосылыстар, негізінен изобутан түзіледі. 
Гидрлеуші белсенділігі жоғары катализаторларда молекулалық массалары 
жоғары аз тармақталған алкандар түзіледі. 
12.2.2.
 
Алкандардың гидрокрекингі 
Алкандар алдымен деструкцияға және жартылай изомерленуге 
ұшырайды. Түзілген бөлшектер мен қос байланыстар сол бойда сутегімен 
қанығады. Алкандардың гидрокрекинг (деструктивті гидрлену) реакциясын 
мына теңдеу арқылы көрсетуге болады: 

Алкандардың гидрокрекингленуі кезіндегі Гиббс энергиясының 
(кДж/моль) өзгерістері туралы мәліметтер төмендегідей:
Гидрокрекинг процесінде алкан молекуласының кез-келген С−С-
байланысы үзілуі мүмкін. Термодинамикалық есептеулер бойынша, 
метанның бөліну тепе-теңдік тұрақтысы ең жоғары реакция болып табылады. 
Алайда, өндірістік процестерде кинетикалық факторлар негізгі болып 


179 
есептелінеді және әртүрлі С−С-байланыстарының ыдырау жылдамдығы 
таңдап алынған катализаторға тәуелді болады. 
Деструктивті гидрленудің жылу эффектісі эндотермиялық крекинг 
реакциясы мен экзотермиялық гидрлеу реакциясының қосындысына тең 
болады және оның мәні кең ауқымда ауытқуы мүмкін. 
Алкандардың гидрокрекингі бифункциональды катализаторда бірнеше 
кезеңдерде жүреді. Алғашында, гидрлеу-дегидрлеу активті орталығында 
көмірсутектердің дегидрленуі жүріп, өте аз мөлшерде алкендер түзіледі. 
Алкендер одан әрі карбкатионға жеңіл айналып, каталитикалық крекинг 
процесіне ұқсас, тізбекті карбкатионды процесті қоздырады.
Каталитикалық 
белсенділігі 
жоғары 
катализаторларда 
жүретін 
алкандардың гидрокрекинг реакциялары механизмін төмендегі сызба нұсқа 
арқылы көрсетуге болады: 
Гидрокрекингтің каталитикалық крекингтен негізгі ерекшелігі –
гидрокрекингте алкандардың жалпы конверсиясы жоғары болады. Бұл 
катализаторлардың гидрлеу-дегидрлеу орталықтарында алкендердің жеңіл 
түзілетіндігіне негізделген. Каталитикалық крекинг кезінде алкендер 
қиынырақ түзіледі, негізінен, термиялық ыдырау есебінен. 
Гидрокрекингтің өнімдері негізінен, қаныққан болып келеді. 
Гидрокрекингтің катализаторлары коксталмайды, себебі алкендер тез 
гидрленеді де, полимерлену және тығыздалу өзгерістеріне түсіп үлгере 
алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет