Қазақстан республикасының білім



бет16/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
4-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Теректің өз-өзімен және айналасымен қайшылықтарын тауып, одан руханилықпен шығу жолын ұсыныңыздар. Мәтіндегі жағымсыз қасиеттерді жақсы қасиеттерге ауыстырыңыздар.


Алатаудың көк майсалы бауырында тәкаппар бір терек өсіп тұрды. Ол ешкімді менсінбеді. Төңірегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді көзіне де ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», – деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды-ау», – деп тыжырынды.


Терек суды да жаратпады: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», – деп налыды. Ол желге де мін тақты: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», – деді.


Бір күні теректің бұтағына бұлбұл келіп қонды да, тамылжытып сайрай бастады. Тәкаппар терек біреудің еңбегі мен талантын өзіне иемдене қоюдан аулақ емес еді: бұлбұлды шуылдаған жапырақта-рымның бірі екен деп:

Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай жыршы жапырақ бар? – деп екіленді терек.




Бұны естіген бұлбұл намыстанып, өз жөніне ұшып кете берді. Енді терек желді де жақтырмады:

Менің жыршы жапырағымды сен үзіп әкеттің. Оңбаған қаңғыбас,


деп тілдеді.




Бұны естіген жел де тына қалды.


Терек сәулелі күнге бажырая қарады:

Е, е... кім екен десем, мына менің шырын жапырағымды құрғатып түсірген сен екенсің ғой, – деді.




Бұны естіген Күн енді қайтып шұғыласын терекке төкпей қойды.



АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

29

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Сыңғырлап ағып жатқан мөлдір бұлақ теректің бұл айтқандары орынсыз екенін айта бастап еді, тәкаппар терек оған ақырып қоя берді:

Өшір үніңді! Сен маған ақыл айтуға әлі жеткен жоқсың, – деді. Бұны естіген бұлақ енді қайтып теректің тамырын нәрлендірмейтін




болды.


Сөйтіп, күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалған терек аз күнде-ақ қуатынан айрылып, қалжырай бастады... («Теректің асқақтығы» өсиет әңгіме).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет