Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет136/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160
құқықтарын беру
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлу;
2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған операцияларды жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады.
268-бап. Iшкi нарықта қолдау
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Iшкi нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау:
1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорында өтеусiз тiркеу;
2) әлеуеттi тапсырыс берушiлер, отандық тауар өндiрушiлер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi отандық берушiлер туралы ақпаратты жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу:
1) индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе оған сараптама жасауға тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу;
2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.
269-бап. Шетелдiк инвестицияларды тарту
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау шаралары шетелдiк инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етiледi және:
1) әлеуеттi шетелдiк инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға қатысуға тарту мақсатында iздестiрудi жүзеге асыруды және олармен келiссөздер жүргiзудi;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;
3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.
270-бап. Отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет