5) жарғысына сәйкес өзге де қорлар құруға құқылы.
2. Мүлiктiк (пайлық) қор тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық)
жарналарынан тұрады және тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi
болып табылады.
3. Тұтыну кооперативi алған табыстар және Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған өзге де көздер басқа қорларды қалыптастыру көзi болып табылады.
4. Тұтыну кооперативiнiң қорларын қалыптастыру
мен пайдалану тәртібін, олардың
қайта бөлiнуiн тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi.
28-бап
. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктегi үлесi
1. Тұтыну кооперативiнiң барлық мүшелерiнiң тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі
(мүлiк құнындағы) үлесi олардың тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі салымына бара-бар
анықталады.
2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысы немесе жалпы жиналыс олардың әрқайсысының
мүлiктi құруға және көбейтуге қосқан үлесiне қарай олардың үлесiн анықтау және өзгерту
тәртібін белгiлеуi мүмкiн.
3. Тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi өзiнiң қалауына қарай өз үлесін сатуға, сыйға
беруге, мұраға қалдыруға, кепiлге салуға не осы Заңда және жарғыда көзделген
талаптарды
сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Мүлiктегi өз үлесiмен қандай да бiр операциялар жасау алдында тұтыну
кооперативiнiң мүшесi тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленген мерзiмде
атқарушы органға ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп берудi талап етiп арыз беруге мiндеттi.
29-бап
. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң мүлiктегі өз үлесiне билiк етуi
1. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң тұтыну кооперативi мүлкіндегі үлесi мүлiктiк
(пайлық) жарнаны толық төлегенге дейiн жарна төленiп қойған бөлiгiнде ғана иелiктен
алынуы немесе кепiлге салынуы мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі өз үлесiн немесе
оның бiр бөлiгiн өз таңдауы бойынша тұтыну кооперативiнiң бiр немесе бiрнеше
мүшесiне сатуға немесе өзге де әдiспен беруге құқылы. Дәл солайша тұтыну
кооперативiнiң мүшесi басқа мүше алдындағы өз мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн
үлесiн кепiлге салуға құқылы. Бұл мәмiлелердi жасауға тұтыну кооперативiнiң келісімi
немесе тұтыну кооперативiнiң басқа да мүшелерiнiң келісімi талап етiлмейдi.
3. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi тұлғаға беруiне
немесе тұтыну кооперативi мүшесiнiң үшiншi тұлға алдындағы мiндеттемесiн қамтамасыз
ету үшiн үлесiн (үлестiң бiр бөлiгiн) кепiлге салуына жол берiледi.
4. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында үлестi үшiншi
тұлғаға сату белгiлi бiр
талаптарды орындағанда ғана жол берiлетiн болып көзделуi мүмкiн.
30-бап
. Иелiктен алынатын үлестi сатып алуға басымдық берiлетiн құқық
1. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн немесе тұтыну кооперативi мүшелерi
бiреуiнiң үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн сатқан жағдайда оны сатып алуға тұтыну
кооперативiнiң мүшесi үшiншi тұлғаларға қарағанда басым құқықты пайдаланады.
Мұндай құқықты тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi пайдалана алады. Егер сатып
алудың басым құқығын пайдаланғысы келетiн тұтыну кооперативiнiң бiрнеше мүшелерi
болса және жарғыда немесе тұтыну кооперативі мүшелерiнiң өзге де келісімiнде өзгеше
көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлігін) сатып алудың басым құқығын тұтыну
кооперативiнің мүшелері тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі өз үлесiнiң мөлшерiне қарай
жүзеге асырады.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесiнен үлесiн сатуға ұсынуы
туралы хабарлама алған
кезден бастап жетi күн iшiнде атқарушы орган бұл туралы тұтыну кооперативiнiң барлық
мүшелерiне хабарлайды. Тұтыну кооперативiнiң сатып алудың басым құқығын жүзеге
асырғысы келетiн мүшесi жетi күн мерзiмде бұл туралы атқарушы органға хабарлап, бұл
орайда сатуға ұсынылып отырған үлестi толық немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн сатып
алғысы келетiнiн көрсетуге тиiс.
3. Егер түскен ұсыныстардың жиынтық көлемi сатылатын үлестiң мөлшерiнен аспаса,
тұтыну кооперативi мүшелерiнiң әрқайсысы оның өз хабарламасында көрсеткен бөлiгiн
сатып алады. Үлестiң қалған бөлiгi, егер бұлайша иелiктен айыруға дейiн тұтыну
кооперативiнiң мүшелерiнен қосымша ұсыныстар келiп түспесе, үшiншi тұлғаға иелiктен
алынып берілуi мүмкiн.
4. Үлес немесе оның бiр бөлiгi сатып алудың басым құқығын бұза отырып сатылған
жағдайда тұтыну кооперативiнiң кез келген мүшесi үш ай iшiнде сот тәртібімен осы құқық
бұзушылыққа шағымдана алады.
5. Иелiктен алынатын үлестi сатып алудың басым құқығы үлестi
сатудың кез келген
әдiсi жағдайында, оның iшiнде сауда-саттықта жүзеге асырылады.
6. Үлестi сатып алудың басым құқығын басқаға беруге жол берiлмейдi.
7. Иелiктен алынатын үлестi немесе оның бiр бөлiгiн тұтыну кооперативiнiң мүшесi
(мүшелерi) сатып алған жағдайда оның кооператив мүлкіндегі үлесi көбейедi.
8. Осы баптың ережелерi үлестi айырбас шарты бойынша иелiктен алу кезiнде де
қолданылады.
9. Үлестi немесе оның бiр бөлiгiн үшiншi тұлғаға сату кезiнде тұтыну кооперативiнiң
мүшелерi оны сатып алудың басым құқығын пайдаланғысы келмеген жағдайда сатып
алудың басым құқығын тұтыну кооперативiнiң өзi пайдалана алады.
31-бап
. Басқа мүшелердiң үлестi сатып алудан бас тартқан кезiнде тұтыну кооперативi
мүшесiнiң үлесiн сату
1. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында тұтыну кооперативi мүшесiнiң өз үлесін
үшінші тұлғаларға сатуына тыйым салу немесе оны шектеу көзделуі мүмкiн.
2. Yлестi сатуды сатушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша осы баптың 1-
тармағында көзделген тыйым салу немесе шектеулер сақтала отырып жүргiзу мүмкiн
болмаған жағдайда тұтыну кооперативiнiң үлесiн сатқысы келетiн мүшесi осы үлестi
сатып алуды немесе оны үшiншi тұлғаға сатуға рұқсат берудi талап етiп, тұтыну
кооперативiне жүгiнуге құқылы.
Осы нұсқалардың бiрiн таңдауды тұтыну кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысы
жүргiзедi.
3. Тұтыну кооперативi үлестi сатып алған кезде үлестiң
бағасы тараптардың
келісімiмен, ал келісімге келе алмаған жағдайда сот арқылы белгiленедi.
4. Тұтыну кооперативi үлестi үшiншi тұлғаға сатуға келiскен жағдайда тұтыну
кооперативiнiң мүшелерi үлестi сатып алуға басым құқығын сақтап қалады.
32-бап
. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн тұтыну кооперативi сатып алуының
салдары
1. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң үлесiн тұтыну кооперативi сатып алғаннан кейiн
тұтыну кооперативi тұтыну кооперативiнiң басқа мүшелерiне осы үлестi жалпы
жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi.
2. Yлестi сатып алуға тұтыну кооперативiнiң бiрнеше мүшесi ниет бiлдiрген жағдайда
үлес олардың арасында тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі үлестерiне бара-бар мөлшерде
бөлiнедi.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi сатып алған үлес мөлшерi осы мүшеге сатып алғанға
дейiнгi тиесiлi үлес мөлшерiне қосылады. Бұл орайда тұтыну кооперативiнiң бiр мүшесiне
тиесiлi болуы ықтимал үлес мөлшерiнiң шектелу мүмкiндiгi сақталады.
3. Тұтыну кооперативi жалпы жиналыстың шешiмiмен тұтыну кооперативі атынан
сатып алынған үлесті үшінші тұлғаға сатуға құқылы.
33-бап
. Тұтыну кооперативiнен шығарылуға тиiстi тұтыну кооперативi мүшесiнiң
үлесiн бөлiп беру
1. Тұтыну кооперативінен шығарылуға тиісті тұтыну кооперативі мүшесiнiң үлесiн
бөлiп беру жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi тұтыну кооперативiне немесе оның мүшелерiне
қасақана зиян келтiрген жағдайда олар зиян келтiрушiден бөлiнген үлесi есебiнен
келтiрiлген зиянның толтыруды талап етуге құқылы.
3. Егер тараптар орны толтырылатын зиянның
және тұтыну кооперативiнiң
шығарылуға тиiстi мүшесiне бөлiнетiн үлестiң мөлшерi туралы келісімге келе алмаса, дау
сот тәртібімен шешiледi.
34-бап
. Тұтыну кооперативi мен оның мүшелерiнiң мүліктiк жауапкершiлiгi
1. Тұтыну кооперативi өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен
жауап бередi және тұтыну кооперативi мүшелерiнiң басқа мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi қордаланып қалған залалды жыл сайынғы баланс
бекітілгеннен кейiн қосымша жарналар арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi.
3. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң тұтыну кооперативiнiң мiндеттемелерi бойынша
субсидиарлық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында
көзделген тәртiппен белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: