2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан,
сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда
көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.