4-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІН БАСҚАРУ
17-бап
. Тұтыну кооперативiнiң басқару органдары
1. Тұтыну кооперативiнiң органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган - жалпы жиналыс;
2) атқарушы орган - басқарма (төраға);
3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор).
2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында тұтыну кооперативiнiң өзге де органдарын
құру көзделуi мүмкiн.
18-бап
. Тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы
1. Тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы оның жоғары органы болып табылады
және оның қызметiне қатысты барлық мәселелердi шешуге құқылы. Осы ретте кезектi
немесе кезектен тыс жалпы жиналыстар шақырылуы мүмкiн, бұл жиналыстар, егер оларға
тұтыну кооперативi барлық мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, заңды деп
танылады. Егер жалпы жиналыстың шешiмiн жиналысқа қатысушы мүшелердiң
жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, ол қабылданған болып есептеледi. Бұл орайда
тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi, оның тұтыну кооперативi мүлкіндегі үлесiнiң
мөлшерiне қарамастан, жалпы жиналыстың шешiмдерiн қабылдаған кезде бiр дауысқа ие
болады.
2. Тұтыну кооперативiнiң кезектi жалпы жиналысын жарғыда белгiленген мерзiмдерде
атқарушы орган жылына кемiнде бiр рет шақырады.
Тұтыну кооперативiнiң жылдық қаржылық есебiн бекітуге арналған жалпы жиналыс
есептi қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
3. Тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысы осы Заңда, жарғыда
көзделген жағдайларда, сондай-ақ тұтыну кооперативiнiң мүдделерi осындай жиналыс
шақыруды керек еткен өзге де кез келген жағдайларда шақырылады.
Тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысын атқарушы орган өз бастамасы
бойынша, сондай-ақ тексеру комиссиясының (ревизордың) талап етуi бойынша не тұтыну
кооперативi мүшелерi жалпы санының кемiнде оннан бiр бөлiгiнiң талап етуi бойынша
шақырады.
Егер тексеру комиссиясының немесе тұтыну кооперативi мүшелерiнiң талап еткенiне
қарамастан, атқарушы орган кезектен тыс жалпы жиналыс шақырмаса, оны тексеру
комиссиясы (ревизор) немесе тұтыну кооператив мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде
оннан бiр бөлiгi дербес шақыруы мүмкін. Таратылу процесi жүрiп жатқан тұтыну
кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысын тарату комиссиясы да шақыра алады.
4. Жалпы жиналысты өткізу мен осы Заңда, жарғыда және тұтыну кооперативiнiң iшкi
қызметiн реттейтiн өзге де құжаттарда қабылданған шешiмдер жүргiзу тәртібін бұза
отырып қабылданған тұтыну кооперативі жалпы жиналысының шешiмiн, сол сияқты
жалпы жиналыстың осы Заңға не жарғыға қайшы келетiн шешiмiн, оның iшiнде тұтыну
кооператив мүшелерiнiң құқығын бұзатын шешiмiн тұтыну кооперативi мүшелерiнiң
арызы бойынша сот толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн. Ондай арызды
жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде беруге болады.
5. Шақыру мен өткізу, шешiм қабылдау тәртібі тұтыну кооперативiнiң жарғысымен
белгiленедi.
19-бап
. Тұтыну кооперативi жалпы жиналысының құзыретi
1. Тұтыну кооперативi жалпы жиналысының құзыретi осы Заңға және тұтыну
кооперативiнiң жарғысына сәйкес белгiленедi.
2. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) тұтыну кооперативiнiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар, оның iшiнде
мүлiктiк (пайлық) жарнаның мөлшерi туралы, орналасқан жерi мен атауы туралы өзгерiс
енгізу немесе жарғыны жаңа редакциясында бекіту;
2) тұтыну кооперативi қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлеу;
3) тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының басшысы
мен мүшелерiн сайлау, олардың өкiлеттiгiн доғару, олардың қызметi туралы есептердi
тыңдау, оларды ұстауға арналған қаражаттың мөлшерiн анықтау;
4) тұтыну кооперативiнiң мүшелерiн кооперативтен шығару;
5) тұтыну кооперативiнiң iшкi қызметiн реттеп отыратын iшкi ережелердi, оларды
қабылдау рәсiмiн және басқа құжаттарды бекіту;
6) тұтыну кооперативтерiнiң қауымдастығын (одағын) құру, қауымдастыққа (одаққа)
кiру және одан шығу туралы мәселелердi шешу;
7) тұтыну кооперативiнiң жылдық қаржы есептерін, тексеру комиссиясының
(ревизордың) есебiн бекіту;
8) тұтыну кооперативi шеккен зиянды жабу тәртібі;
9) тұтыну кооперативi қорларының түрлерi мен құрылу және жұмсалу тәртібін
белгiлеу;
10) тұтыну кооперативiнiң жарғыда белгiленген құннан құны асып түсетiн
жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру;
11) тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдау;
12) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн сайлау және тарату балансын
бекіту.
3. Осы Заңда жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелермен
қатар, тұтыну кооперативiнiң жарғысымен оның айрықша құзыретiне басқа да мәселелер
жатқызылуы мүмкiн.
4. Егер тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналыс өзiнiң
айрықша құзыретiне жатпайтын өкiлеттiктi тұтыну кооперативiнiң атқарушы органына
беруге құқылы.
5. Тұтыну кооперативi жалпы жиналысының атқарушы, бақылаушы және өзге де
органдардың шешiмдерiн қуаттау немесе олардың күшiн жою жөніндегі мәселелердi өз
қарауына алуға құқығы бар.
6. Тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы тұтыну кооперативiнiң қызметiне
байланысты кез келген мәселенi қарау үшiн қабылдауға құқылы.
20-бап
. Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы
1. Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы тұтыну кооперативiнiң қызметiне
ағымдағы басшылық жасау мен оның iстерiн жүргiзудi жүзеге асырады және оның жалпы
жиналысына есеп бередi.
Тұтыну кооперативi атқарушы органының мүшелерi жарғыда белгiленген құрам мен
мерзiмге сайланады және өз мiндеттерiн (өкiлеттiгiн) атқарудан жалпы жиналыстың
шешiмiмен кез келген уақытта босатылуы мүмкiн.
2. Атқарушы органның жұмысы мен шешiмдер қабылдау тәртібі тұтыну
кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi.
3. Осы Заңмен және кооператив жарғысымен белгiленген, жалпы жиналыстың
құзыретiне жатпайтын тұтыну кооперативiнiң қызметiн қамтамасыз етудiң барлық
мәселелерi атқарушы органның құзыретiне жатады.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатпайтын, осы Заңның 19-бабының 4-
тармағына сәйкес атқарушы органға берiлген өкiлеттiк те тұтыну кооперативi атқарушы
органының құзыретiне жатады.
4. Тұтыну кооперативiнiң үшiншi тұлғалармен қатынастарында атқарушы органның
өкiлеттiгiне өзi белгiлеген шектеулерге сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Алайда тұтыну
кооперативi өзiнiң атқарушы органы үшiншi тұлғамен белгiленген шектеулердi бұза
отырып жасаған мәмiлелерiнiң жарамдылығына, егер мәмiле жасалған кезде үшiншi тұлға
мұндай шектеулердi бiлгенiн немесе алдын ала бiлуге тиiс екенiн дәлелдесе, дау айтуға
құқылы.
5. Тұтыну кооперативi атқарушы органының мүшелерiне:
1) жалпы жиналыстың келісімiнсiз тұтыну кооперативiмен мүлiктiк пайда табуға
(сыйға тарту, қарыз алу, өтеусiз пайдалану, сатып алу-сату шарттарын және басқаларын
қоса алғанда) бағытталған мәмілелер жасасуға;
2) тұтыну кооперативiнiң үшiншi тұлғалармен жасасқан мәмiлелерi үшiн тұтыну
кооперативінің өзінен де, үшіншi тұлғалардан да комиссиялық сыйақы алуға;
3) тұтыну кооперативiмен үшiншi тұлғалардың қатынастарында олардың атынан
немесе мүдделерiн көздеп әрекет жасауға;
4) тұтыну кооперативiнiң осы қызметiмен бәсекелесетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асыруға тыйым салынады.
6. Осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген шектеулер тұтыну
кооперативiнiң атқарушы органы мүшелерiнiң жақын туыстары мен жекжаттарына да
қолданылады.
21-бап
. Тұтыну кооперативiнiң қадағалау кеңесi
1. Егер бұл тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделсе, оның мүшелерi тарапынан
тұтыну кооперативi атқарушы органының қызметiн бақылау мақсатында тұтыну
кооперативiнiң қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесiнiң өкiлеттiктерi
жарғыда айқындалады.
2. Тұтыну кооперативiнiң қадағалау кеңесi оның кооператив мүшелерiнiң жалпы
жиналысы сайлайтын мүшелерiнен тұрады. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң саны мен
олардың шешiмдер қабылдау тәртібі тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi.
3. Қадағалау кеңесiнiң мүшесi бiр мезгiлде тұтыну кооперативi атқарушы органының
мүшесi не тұтыну кооперативiнiң төрағасы бола алмайды.
22-бап
. Тұтыну кооперативінің тексеру комиссиясы (ревизоры)
1. Тұтыну кооперативiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне бақылау жасауды жүзеге
асыру үшiн, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, тұтыну кооперативi мүшелерiнiң iшiнен
тексеру комиссиясы (ревизор) құрылуға тиiс.
Тексеру комиссиясының мiндеттерiн орындау ревизор ретiнде тұтыну кооперативi
мүшелерiнiң бiрiне тапсырылуы мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативiнiң тексеру комиссиясын немесе ревизорын жарғыда
белгiленген мерзiмге жалпы жиналыс сайлайды.
3. Тұтыну кооперативi атқарушы органы мүшелерiнiң тексеру комиссиясының мүшесi
(ревизор) болуына болмайды.
4. Тұтыну кооперативiнiң тексеру комиссиясы (ревизор) жалпы жиналысқа есеп
бередi.
5. Тексеру комиссиясы (ревизор) тұтыну кооперативiнiң қаржы-шаруашылық
қызметiне тексеру жүргiзуге құқылы. Тексеру комиссиясының (ревизордың) осы мақсат
үшiн тұтыну кооперативінің барлық құжаттамасын кез келген уақытта сөзсiз пайдалануға
құқығы бар. Тексеру комиссиясының (ревизордың) талап етуi бойынша атқарушы орган
ауызша немесе жазбаша түрде қажеттi түсiнiк беруге мiндеттi.
6. Тексеру комиссиясы (ревизор) тұтыну кооперативiнiң жылдық қаржы есебi жалпы
жиналыста бекітілгенге дейiн оған мiндеттi түрде тексеру жүргiзедi. Жалпы жиналыстың
тексеру комиссиясының (ревизордың) қорытындысынсыз жылдық қаржылық есептi
бекітуге құқығы жоқ.
7. Тексеру комиссиясының (ревизордың) жұмыс тәртібі жарғыда, сондай-ақ тұтыну
кооперативiнiң iшкi қызметiн реттейтiн ережелер мен өзге де құжаттарда белгiленедi.
23-бап
. Тұтыну кооперативiнiң аудитi
1. Тұтыну кооперативiнiң жылдық қаржы есебiн, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-
күйiн тексеру және олардың дұрыстығын растау үшiн тұтыну кооперативi өзiнiң
жарғысында көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша тұтыну кооперативiмен, оның
атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының мүшелерiмен немесе тұтыну
кооперативiнiң мүшелерiмен байланысты емес аудиторлық ұйымды тартуға құқылы.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi кооперативтiк қаржы есебiне өз есебiнен аудит
жүргiзудi талап етуге құқылы.
3. Егер кооперативтiң қаржы есебiне аудит жүргiзу мiндеттi болған не оның
жүргiзiлуiн кооператив мүшесi талап еткен кезде тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы
аудит жүргізуден жалтарса, аудит мүдделi тұлғаның не кооператив мүшесiнiң арызы
бойынша сот қабылдаған шешiммен тағайындалуы мүмкiн.
24-бап
. Тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының
шешiмдерi мен iс-әрекетiне шағымдану
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және
өзге де органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне жалпы жиналысқа немесе сот
тәртібімен шағымдана алады.
Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы басшысының шешiмдерi мен iс-әрекетiне
тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына немесе сотқа шағымдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |