Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ»



Pdf көрінісі
бет133/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

20. «АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» 
ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 10-11-СЫНЫПТАР 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартында «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен 
толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 4-қосымшасының 23-тармағының 8-тармақшасына, 38, 
44-тармақтарына сәйкес «Дене шынықтыру» білім беру саласының 10-11-
сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні міндетті 
оқу пәні ретінде оқытылады. 
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-
математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың 
міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан 
күтілетін 
нәтижелерге 
сәйкес 
әзірленетін 
оқу 
бағдарламаларымен 
нақтыланады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны 
білім алушылардың бойында әскери іс, робототехника және IT-технология 
негіздері туралы көзқарасты қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы 
Күштерінің қатарында қызмет ету және әскери іс негіздері, әскери ант және 
әскери жарғылар мазмұнына қойылатын талаптар бойынша білім туралы 
түсінікті қалыптастыруды; өмірлік маңызы бар дағдылары мен қасиеттерін 
дамытуға ықпал етуді; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нық 
игерулері арқылы оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет 
етуге дайындауды; бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 
қызмет ету туралы түсінікті қалыптастыруды; жастардың бойында азаматтық 
көзқарас, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне деген 
сенімділікті, әскери қызметке деген жауапкершілікке саналы тұрғыдан дайын 
болуды қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның 
дәстүрлері, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери 
мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. 
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік 
тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын, қарым-
қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника, 
автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерін, білік және дағдының, 
сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын 
дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие. 


237 
Оқу пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі 
жай-күйін оқу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, 
білімді тұлғаны дамытуға бағытталған. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» 
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес 
білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарларының түрлеріне қарай «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
20.1-кестеде көрсетілген. 
20.1-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
ҚР БҒМ 2012 жылғы 
8 қарашадағы 
№ 500 бұйрығына 
85-94-қосымшалар 
Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет