Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Алдын алу. Баланың күн тәртiбiн сақтау, тиiмдi тамақтану, қиын психикалық жүктемелерден қорғау қажет.  V ТАРАУ



Pdf көрінісі
бет665/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Алдын алу.
Баланың күн тәртiбiн сақтау, тиiмдi тамақтану, қиын психикалық
жүктемелерден қорғау қажет. 
V ТАРАУ
ТОРЛАНУДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Торланудың созылмалы бұзылыстары – 
дистрофия (грекше dys – бұзылыс, (trophe
– нәрлену) – торлану жене тiндер трофикасының созылмалы бұзылысы, осыдан сәбидiң
дұрыс, үйлесiмдi дамуының қалпынан таюы. Сәбилерде оның екi түрiн ажыратады; артық
торлану (ет алуы) – толықтық, семiздiк пен жеткiлiксiз торлану (ет алуы) – гипотрофия. 
5.1. ГИПОТРОФИЯЛАР
Гипотрофия
(грекше hуро – асты, trорhе – нәрлену, қоректену) –
торланудың
созылмалы бұзылысының салмақ кемiстiгiмен білінуі. 
Жеткiлiксiз тамақтанудың ен негiзгi,
әрi жиi түрі белоктық-калориялық жеткiлсiздiк (БКЖ). Әдетте, мұндай балалар
организмiне витаминдер (гипоавитаминоздар) мен кейде микроэлементтер түсуiнiң
кемiстiгi де болады.
Этиологиясы.
Туған кездегi торлану жеткiліксiздiгi нәрестенiң құрсакiшiлiк
гипотрофия (гестациялық жасынан дене салмағының кем болуы) оның даму кiдiрiсiнің
көрiнiсi, себептерiне байланысты. Туғаннан кейiнгi БКЖ себептерi: 
1. Алиментарлык факторлар – тамақ ішудің сандық жеткiліксiздiгi (гипогалактия,
қоспаларды жеткiлiксiз мөлшерде ішу) немесе тамақтың сапалық жеткiліксiздiгi
(тәулiктiк рациондағы белок, витаминдер, микроэлементтердiң аздығы). 
2. Инфекциялық факторлар – кұрсакiшiлiк жайылмалы инфекциялар, сепсис, пиелонеф-
рит пен зәр жолдарының инфекциясы, iшек пен тiндерге тағамдық заттардың орай-
ласуын бұзуға, гиповитаминозға әкелетiн жайлар. Гипотрофиянын ең жиi себебiне ұзақ
диарея, iшектiң кiлегей қабатындағы морфологиялық өзгерiстерне (ащы iшек түгiнiң
атрофиясына дейiн) әкелетiн ас қорыту жолдарының инфекциялық бұзылыстары.
3. Мырыш пен басқа микроэлементтер, темiр жеткiліксiздiгi, гиповитаминоздар, токсика-
лық жағдайлар (экологиялық Д немесе А гипервитаминоздар, дәрiмен улану және т.б.)
4. Анорексия – перинатальдық немесе басқа ми аурулары, қоршаған ортаның қолайсыз
жағдайлары, невроздар салдары.
5. Ауыз, ас қорыту жолдарының iштен туа бiткен ақаулары, соларға байланысты құсулар
(пилоростеноз және т.б.). 
419


6. Ішектiң мол резекциясынан кейiнгi «қысқа iшек» синдромы.
7. Мальабсорбция синдромдары (лактоза, сахароза, глюкоза, соя мен сиыр сүтінің
белогын көтере алмау); целиакия, муковисцидоз, экссудативтiк энтеропатиялық,
экродерматит, аш iшектiң әр түрлi бөлiгiндегi түктердiң атрофиясы
8. Тұқым қуалайтын зат алмасу ауытқулары (галактоземия, лейциноз, фруктоземия,
Ниманн-Пик, Тей-Сакс аурулары) мен иммундытапшылықтар (көбiне Т-жүйесiне
байланыстылары).
Патогенезi.
Гипотрофияға әкелетін себептердiң түрiне қарамастан, ауру балалардың
бәрiнде де тағамдық заттардың (ең алдымен белоктардың) iшек және тiндерде қорытылуы
бұзылады. Барлық ауруларда салмақ пен бой кемiстiгiне тiкелей сейкес зәрмен шығатын
азоттық заттар көбейiп, мочевина мен зәрдiң жалпы азоты арасындағы қатынас бұзылады.
Бұл қатынасты М.Н. Логаткин белоктық тамақтану көрсеткiшi деп (БТК) атауды ұсынған.
Сау нәрестелер мен сәбилерде тамақтану түрiне байланыссыз-ак БТК 83-85%-а тең (М.Д.
Шестакова). Оның мәлiметi бойынша гипотрофияда БТК әрқашан төмен (70-35%), ал
артық белоктық тамақтануда ылғи жоғары. 
Әдетте, гипотрофиясы бар балаларда асқазан, iшек, ұйқы безi ферменттерiнiн
белсендiлiгi төмен. Бұл көрiнiс салмақ пен бой кемiстiгiне тура пропорциональды
болғандықтан гипотрофияның II-ІІІ-дәрежесiнде сау балаларға деген адекватты тағамдық
жүктеме науқас баланың жедел ағымды ас қорыту бұзылысына (диспепсия) әкеледi. Iшек
ұзарып, кеңитіндiктен iштiң қатуы да тән. Осы жағдай дисбактериозда да болады. БКЖ
-де бауыр қаблетi де бұзылады (белок-синтетикалық, антитоксикалык, ацетилдеушi,
көмiрсу, май және т.б. Бұл жөнiнен, меселен, Д-ксилоза сынамасы дерек бередi); бұдан
жүрек, бүйрек, өкпе де тыс қалмайды. Бұл балаларда анемияның болуы тек белок
кемiстiгiне ғана емес, осы жағдайда жиi қосалқы орын алатын Fе, Сu, Zn, фолий
қышқылы, пиридоксин тапшылығына да байланысты. БКЖ-да гуморалдық иммунитетте
заңды бұзылыстар байқалмағанымен нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитарлық
белсендiлiгiнiң өзгерiстерi, Т-лимфоидтық жүйесiнiң тежелiсi мен лимфоцитопения
болады (Т-хелперлер кемiстiгi басым, ал, Т-супрессорлар белсендiлiгi не қалыпты, не
аздап төмен); бұл инфекцияның жиi қабаттасуына әкеледi. Гипотрофиясы бар балада
инфекция белгiлерi шамалы білінеді, жасырын жүредi. Заттек алмасу бұзылыстарының ең
көрнектiлерi: гипопротеинемия, гипоальбуминемия, аминоацидурия қант қисықтары
жазық, гипогликемияға бейiм; ацидоз; гипокалиемия, гипокальцемия, гипофосфатемия,
гипернатриемия. Бірақ, калий мен натрий өзгерiстерi, бүйрекүстi бездерiнiң
белсендiлігінің артуынан болуы мүмкін. Әр салмақ бiрлiгiне шаққанда, дене көлемiнiң
өсуiне сай, әрi осыған сәйкес жылу жоғалту жүретiндiктен гипотрофиямен
ауыратындардын салқындауы оңай (жылу түзiлу де төмен). 
Жiктелуi.
Ауырлық дәрежесіне сәйкес гипотрофия үш дәрежеге бөледі. Диагнозда
негізгі этиологиясы, қосалқы аурулар, асқынулары көрсетілуі тиіс. Гипотрофияны
біріншілік және екіншілік деп те бөледі. Біріншілігі негізгі диагнозда да, қосалқы болуда
мүмкін. Әдетте, ол тамақ жетіспеушілігінің салдары болады. Екіншілік гипотрофия негізгі
аурудың асқынуы болады. Шет елдік әдебиеттерде гипотрофияның І-ІІ дәрежесін жеңіл
және орташа белок-калориялық (белоктық-энергетикалық) жеткіліксіздігі деп, ал ІІІ-
дәрежесін алиментарлық маразм немесе квашиоркор деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет