Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті



бет33/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ
Ê?øáàñøûëû? ïåí æåòåêø³ë³êêå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñàó, Google Meet қолдану бойынша нұсақаулық, Дәріс. Бөліктеп интегралдау әдісі, 2 Аралық бақылау ББЦТ (1)
Қышқылдық. Ол сүт құрамындағы қышқыл тұздар, белоктар әсерінен туындаған. Титрленген сүттің қышқылдық өлшемі – Тернер градусы (То).
Тернер градусы дегеніміз - 100 мл сүтті нейтралдауға қажет 0,1 n Na OH мөлшері. Жаңа сауылған сүттің қышқылдығы шамамен 1618То, оның: 9-13То тұздар, 4-6То белоктар және 1-3То көмірқышқылы мен басқа қышқылдардан тұрады. Қышқылдығы 21То сүт өңдеу кәсіпорындарына қабылданбайды.
Сүттің сутегілік көрсеткіші (рН) – ондағы сутегінің иондары шоғырлануымен (концентрациясымен) анықталады және ерітіндегі сутегі иондары концентрациясының теріс ондық логарифмін көрсетеді. Сүттің рН көрсеткіші 6,5-6,7-ге тең. Оны рН-метрді пайдаланып, потенциометрлік әдіспен анықтайды. Сүттің қышқылдығын сақтау барысында микроағзалардың дамуына және сүт қышқылының пайда болуына байланысты көбейеді. Сүт қышқылы сүттің температурасы 10оС болғанда 10 сағатқа дейін өзгермейді, ал 32оС жылылықта 47оТ-дейін өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет