«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ


тақырып. Зерттелушінің мотивациясы



бет26/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих

9 тақырып. Зерттелушінің мотивациясы
Эксперименталды психологияда сыналушының психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған экспериментатордың ұйымдастыруындағы сыналушымен бірге өзара бірлескен іс-әрекеті. Психологиялық эксперимент экспериментатор мен сыналушының өзара қарым-қатынасы болып табылапды. Яғни экспериментатор мен сыналушының бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және оны іске асыру процесі эксперименталды қарым-қатынас болып есептелінеді.
Сыналушы – психолог – экспериментаторға өзінің өмірлік жоспарымен, мотивтермен экпериментке қатысу мақсатымен келеді.
Зерттеу нәтижесінде экспериментатормен қарым-қатынаста пайда болатын сыналушының жеке басының мұндай мәселелерін шешумен психологияның эксперименталды әлеуметтік психологиясы айналысады.
Психологиялық экперимент біртұтастық интуиция ретінде қарастырылады. Балалардың ақыл-ойына тест жүргізу кезінде баланың ішкі жан дүниесіндегі жағдайы әсер ететіндігі туралы өткен ғасырдың 20-30 ж.ж сөз болған.
Тестік жағдайларда әр түрлі қоғамдық топтардағы балалармен эксперименталды қарым-қатынас жүргізуге әр түрлі жағдай қолдану қажет. Сонымен қатар балаларға күнделікті қолданбалы жеңіл үйреншікті тілмен қолдану қажет. Осындай талаптардан кейін балалардың ақыл-ойында айырмашылықтар болмауы мүмкін.
Көптеген психологтар эксперимент ситуациялары эксперимент нәтижесі әсерінің маңызын мойындайды.
Эксперимент процедуралары ерексектерге қарағанда балаларға көп әсер ететіндігі анықталған. Мұндай жағдайлар баланың психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты.
1.Балалар ерсектерге қарағанда эмоционалды болып келеді. Ересек бала үнемі психикалық мәні бар объект болып табылады. Ол не пайдалы, не қауіпті, не жағымды, не ажырата алмағандықтан бұл түсінік арасы алшақ болуы мүмкін. Балалар ересек таныс адамдарға ұнағысы келмейді. Олармен контакт жасаудан қашады. Ересектің экспериментаторға қатынасы экспериментке қатынасын да өзгертеді.
2.Баланың жеке басының ерекшеліктерінің көрінуі ересектерге қарағанда көп жағдайда ситуацияға байланысты. Ситуациялық қарым- қатынас жасау барысында балалар экспериментатормен нәтижелі қарым-қатынас құруы қажет, оның сұрақтары мен талаптарын түсіне білу қажет. Сондықтан экспериментатор балаға эксперимент ситуацияларын әдеби тілде емес, қарапайым тілде түсіндіреді, балаға эмоционалдық ерекшеліктермен жеткізеді. Ал, ересек адамға әдеби ғылыми тілде сөйлей отырып, балаға эмоционалды қатынас құрмайды. Экспериментатордың балаға зерттеуге енуі үшін дауыс ырғағын, интонациясын, екпінін, мәнерін, мимикасын, жесттерін өзгертіп отырады.
3.Бала ересекке қарағанда көбіне шындық, тірі қимылды игереді. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік психологиялық аспектісін ашқан, алғаш негізін салушы С. Розенцвейг болды. Оның 1933 ж. баспадан шыққан еңбектерінің бірінде эксперименттің нәтижесін өзгертуіне әсер ететін қарым-қатынастың негізгі факторларын ашып берді.
1. “Бақылаушыға қателіктер” қатерлі. Олар реакцияны таңдау кезінде зерттелушінің шешімді қабылдауының талаптарына байланысты.
2. Сыналушының мотивациясына байланысты қателер. Мұнда сыналушы эксперименттің мақсатына емес және мәніне өз түсінігі бойынша сәйкес әрекет жасауы мүмкін не болмаса сыналушының өзіндік жеке басының көрсе қызарлық, көкіректік, мақтан құмарлық мотивтері әсер етуі мүмкін. Зерттеуші экспериментке өз сенімімен немесе өз еркімен қатысудың өзі қателер себептері болып табылатын сыналушыдағы түрлі мінез-құлықтарды көрсетеді.



  1. Дружинин, В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов / В.Н. Дружинин. - СПб.: Питер, 2012. - 320 c.

  2. Носс, И.Н. экспериментальная психология. учебник и практикум для академического бакалавриата / И.Н. Носс. - Люберцы: Юрайт, 2015. - 321 c.

  3. Корнилова, Т.В. Экспериментальная психология: Учебник для бакалавров / Т.В. Корнилова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 639 c.

  4. Корнилова, Т.В. Экспериментальная психология: Учебник для бакалавров / Т.В. Корнилова. - М.: Юрайт, 2013. - 640 c.

  5. Одинцова Л. И. Экспериментальная деятельность в ДОУ; Сфера - Москва, 2012. - 128 c.

  6. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций; Прогресс - Москва, 2014. - 392 c



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет