Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет25/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.


Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талда- нады.



Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Галереяны шарлау» әдісін қолданып, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер іледі. Суреттердің астында сұрақтар беріледі.

Галереядағысуреттерді тамашалайды,- сұрақтарға жауапбереді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Оқылым. Жазылым. Сөйлесім. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Тілдесім. Әр суретке жазбаша сұрақ дайындайды, диалог құрады.

Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындата- ды.

Оқылым. Жазылым. Болымсыз етістік тудыратын -ған, -ген, -қан, -ген жұрнақтары мен «емес» көмекші етіс- тігін пайдаланып, сөздерді болымсыз етістікке айналдырады.

3. Тілдік бағдар. Болымсыз етістік тудыратын -атын, -етін,

-йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгертеді.



Болымсыз етістік тудыратын -атын,

-етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек,

-пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгереді.


4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді оқиды, дұрыс оқуға машықтанады.



Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, бір сөйлемге әртүрлі сұрақ қояды.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтінде айтылған кітапхана- лар туралы ақпаратты салыстырады.

5. Сергіту сәті. «Әлемдегі ірі кітапханалар» тақырыбы бойын- ша коллаж жасатады.

Топтық жұмыс. Коллаж жасайды.



87

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Болымсыз етістіктерді табады, жасалу жолдарын түсіндіреді, болымды етістікке айнал- дырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Диалог құрады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі, тақырыпқа қатысты бір сөз береді.

Әр оқушы берілген сөзге бір сөз қосып, соңында тақырыпқа қатысты бір мәтін құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Абай. Ғылым таппай мақтанба.



Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша мәтіндерді талдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту, қазақтың ұлы ақыны жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Абай Құнанбайұлы туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Абай шығармашылығы жайында айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.

Жаңа сөздер:

Мақтанба, қашық бол,асық бол,адам болу,өсек, өтірік, мақтаншақ,бекер мал шашпақ, бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым,асыл іс.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Абай Құнанбайұлы» туралы дере- кті фильм, «Желсіз түнде жарық ай» әнінің күйтабағы, Абай Құнанбайұлының суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, суреттер, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, диаграмма, фотоколлаж, жұптық жұмыс, «Т-кестесі» тәсілі, «Жеке әңгіме» техникасы.

88



6-тақырып. Әлемдегі ірі кітапханалар


Дереккөздері:


Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.




Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің күйтабағын қояды, интерактивті тақтадан «Абай Құнанбайұлы» туралы деректі фильмді көрсетеді. Ой қозғау сұрақтарын қояды: Балалар, біз қандай дерек- ті фильмді тамашаладық? Абай Құнанбайұлы жайлы не білесіңдер?

Әуенді тыңдайды, деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Тілдесім. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Мәтінді оқиды, диаграмманы толтырады.

Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, қою қаріппен жазылған сөздерді қазақ тіліне аударады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, бо- лымсыз етістіктерді табады, өзі қалаған екі шумағын жаттайды.



Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 5, 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым.

Жазылым. Сөйлем құрайды, болымсыз етістіктерді болымды етістікке айнал- дырады.



Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Айтылым. Өлеңді тағы бір рет оқиды, берілген сөздерден жақсы адам болу үшін қажет сөздерді тауып, жауап береді.



89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет