Құқық негіздерінің қайнар көздері


Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау



бет106/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116
Байланысты:
350093 2

Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау
Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық физикалық, санитарлық-гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды камтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау - бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау - бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Коршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағатгандыру мақсатында коршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті камтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
а) қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;
б) табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін, рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;
г) қоршаған табиғи орта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы, қорғауы, табиғи ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыру, іске асыру болып табылады. Басқарудың нысандарына заң шығарушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады. Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, табиғи қорларды тиімді пайдалану, осы саладағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету.
Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экологиялық тәртіп пен ережелерді бұзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Экологиялық басқарудың мақсатын басшылыққа ала отырып, атқарылатын экологиялық қызметі мынадай түрлерге бөлеміз:

  1. ҚР мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстық қалалық, аудандық бағдарламамен әзірлеп жүзеге асыру.

  2. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу.

  3. Ластайтын заттарды айналадағы табиғи ортаға шығару мен ластаудың және қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.

  4. Мемлекет экологиялық сараптама жүргізу.

  5. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат аймақтарын белгілеу.

  6. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау, айналадағы табиғи ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау туралы заңдар мен заң актілерді дайындау, қабылдау.

Экология туралы заңда нормативтің мына түрлері қарастырылады:

  1. Зиянды заттардың атмосфералық ауада, суда, топырықта, жер қойнауында таралуына жол бермеу нормативтері.

  2. Радиация қауіпсіздігі

  3. Санитарлық тазалық.

  4. Тамақ өнімділігі химиялық, улы заттар, биологиялық қосымша нормативтері.

Айналадағы табиғи ортаны қорғаулы, табиғи ресурстарды пайдалануды басқаратын органдардың қатарына:
ҚР Парламенті, жергілікті өкілетті атқару органдары,
ҚР Президенті,
ҚР Министрлер кабинеті,
ҚР экология және биоресурстар министрлігі,
ҚР жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитеті,
ҚР геология және жер қойнауын қорғау министрлігі.
Басқару органдарын атқаратын қызметіне қарай жалпы, арнайы, салалық органдар деп бөледі. Жалпы органдарға Президент, ҚР Парламенті жергілікті өкілетті атқару органдары жатады.Арнайы органдарға ҚР экология және биоресурстар, геология және жер қойнауын қорғау, ішкі жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитеті кіреді.Салалық органдарға ҚР денсаулық сақтау министрлігі, санэпидемстанция басқармасы жатады. ҚР Парламентінің негізгі құзіреті экологиялық заңдарды қабылдау оларды күшіне енгізу, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық және экологиялық жағдайына қарай заңды қайта қарау, оның құзыреті – ҚР Конс-ң 62 айналадағы табиғатты ортаны қорғау заң. /9/, жер кодексі /16/, жер қойнауы және Мин-ң шикізатты ұқсату туралы кодексінің 23, су кодексінің 7, орман кодексінің 10, жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану заңдары 10 бап көрсетілген.
ҚР Президенті азаматтық құқықтары мен бостандықтарын, олардың қауіпсыздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады.ҚР Конституциясы және заң негізінде оларды орындау үшін экология саласында жарлық, қаулы, өкім шығарады. Республика заңдарына қол қояды, Министлер кабинеті құрамын белгілейді. ҚР Министрлер кабинеті экология саясатты іске асыру мен халықаралық және республикалық ынтымақтастықты ұйымдастырады, табиғи ресурстарды айналадағы табиғи ортаны Республикалық пайдалануының тәртібін белгілейді. Экология және биоресурстар Министрлігінің қызметі:

  1. Мемлекет экологиялық сараптаманы ұйымдастыру жүргізу.

  2. Табиғатты арнайы пайдалануға, өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге қалдықты көмуге өсімдіктермен жануарлар дүниесін пайдалануға, зиянды заттарды шығару мен тастауға рұқсат беру.

  3. Табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, оны бұзғандығы үшін әкімшілік санкция қолдану.

  4. Халық арасында экологиялық білім насихаттау т.б ҚР жер қатынастары және жерге орналастыру жөнінде мемлекет комитеті:

Ол жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді және жер реформасы жөніндегі жұмыстарды тікелей орындады. Ұйымдастыру ісін қамтамасыз ететін орган. Олар жергілікті жерлерде қаладағы әкімшіліктермен, министрліктермен, ведомстволармен қатар жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау үшін жауапты болады.Экологиялық сараптама-экология және биоресурстар министрлігі органның сарапшылық қызмет түрі. Оның мақсаты табиғат қорғау заңының талаптарын бұзатын шаруашылық жұмысына, өзге де жөнсіздікке жол бермеу болып табылады.Ал міндетті-табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және айналадағы табиғи ортаны сақтау жөнінде ұсынылған шаралардың жеткілікті және негізді болуына, табиғат қорғау заңдарының талаптарына сай келуіне бақылау жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет