БазарҚожа кесенесі – 19-ғасырдаң аяғы мен 20-ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Кесене Бекарыстан би ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан. 1981 жылы Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекші Ә. Оспанов) зерттеген. Базар қожа кесенесі шикі кірпіштен тұрғызылған, жатаған күмбезі дөңгелек тұғырдан шығарылған. Кесененің композициясы, әсіресе, алды ерекше әдемі. Базар қожаның өзі сол өңірдегі ислам дінін уағыздаушылардың белгілі өкілдерінің бірі, көріпкелдігімен ел арасында қадірлі болған адам.
Байғана – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.
Байелі – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Тереңдігі - 10 м, шығымы – 300 л/с. Кісі есімінен не ру атынан қойылған атау.
Байқожа – темір жол бекеті. Майлыбас ауылдық округіне қарасты. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 61 шақырым жерде. Ру атынан қойылған атау.
Бақай – бейіт. Ара теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Бармаққұдық – қоныс. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Бармақтың құдығы» мәніндегі атау.