ІІ Жаттығу жұмыстары 7-жаттығу. Сөйлемдегі сан есімдер мен етістіктерге кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша морфологиялық талдау жаса.
Төрт мыңдай жылқы сату керек. 2) Бір жолы алдыңғы шептегі жермен танысып, көршілес дивизияның бір батальонының бақылау пунктіне кірдім. 3) Құйма құлақ, зерек жігіт білімін бірталай кеңейтіп алған. 4) Бесінші тілек тілеңіз... 5) Бұл жерден үш жұрт өтіпті, төртіншісі – біз. 6) Екі айдай ауылға барған жоқпын. 7) Соңғы бір жарым айда екеуі күн сайын кездесіп тұрды. 8) Бұзаубақтың бар малы жалғыз қоңыр сиыры. 9) Мен біріншімін, сен – екінші, ол –үшінші. 10) Жұмысқа араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана.