Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет100/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Пысықтауыш
Пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтап, қимылдық сапаның сапасын, белгісін білдіреді. Олар етістік баяндауыштарға қатысты болып, мезгілдік, мекендік, амалдық, себеп –салдарлық, т.б. мағынады жұмсалады.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – үстеулер, зат есім, сын есім, сан есімдер, есімше, көсемше, шартты рай етістік, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер.
Білдіретін мағынасына қарай пысықтауыштар бірнеше топтарға бөлінеді: мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал пысықтауыштар болып.
Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – мезгіл үстеулер, зат есім, сын есім және кейбір сөз тіркестері: таңертең, бүгін, түнімен, жасымды, тал түсте, таң біліне, т.б.
Сұрақтары – Қашан? Қашаннан бері? Қашанға дейін?
Мекен пысықтауыш – мекен үстеулер, Б.,Ж.,Ш. Септіктегі зат есімдер, демеулі сөз тіркестері, есімдіктер, көмекші есімді, т.б.
Сұрақтары – Қайда? Қайдан? Қай жерде? Қай жақта? Мыс. Батысқа, үйге қарай, мектептің алдында, Т.б.
Мақсат пысықтауыш – үстеулер, зат есім, етістік, есімдік, т.б.
Сұрақтары- Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?
Мысалы: әдейі, жорта, бекер, қасақана, ойнауға, білім алуға,ермек үшін, көмектесейін деп, соған бола, т.б.
Себеп пысықтауыш болатын өткен шақ есімше, зат есімдер, шылау сөздер. Сұрақтары – Неліктер? Не себептен? М:шаршағандықтан, қуанғаннан, кешіккен соң, сол себептен, сағынғаннан, т.б.
Амал пысықтауыш қызметінде үстеулер, еліктеуіш сөз, көсемше, сын есім, сан есім, т.б. жұмсалады.
Сұрақтары – Қандай? Қайтіп? Қалайша? Қанша? Неше рет? М:тез, жылдам, ақырын, шұғыл,қаттырақ, жалт қарады, жақсы оқиды.
Құрамына қарай пысықтауыштар дара, күрделіжәне үйірлі болып келеді. Дара пысықтауыш қызметінде негізінен үстеулер жұмсалады, себебі үстеулер өз мәніне, мағынасына қарай сөйлем құрамында басқа сөздердің көмегінсіз – ақ дара тұрып пысықтауыш бола алады.
Ал кейбір сөздер пысықтауыш қызметінде грамматикалық қосымшалады қабылдап, басқа сөздермен тіркесіп қана жұмсалады.
Мұндай күнделікті пысықтауыштардың жасалу жолдары мынадай:

  1. Негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші есім, демеулердің) тіркесі: түн ішінде, өзеннің жағасында, талдың түбінде, бір кезде т.б.

  2. Сын есім мен мезгіл мәндісөздердің тіркесі: соңғы екі жылда, кейінгі кезде.

  3. Сілтеу есімдіктері мен зат есімнің тіркесі: осы айда, сол күні, анау әзірде.

  4. Изафеттік тіркестегі мезгіл мәнді не мекен мәнді сөздер: Нағашымның ауылына келдім.

  5. Сөйлем құрамында көсемшелік, есімшелік тұлғалар, қимыл есімдері де басқа сөздермен тіркесіп күрделі пысықтауыш бола алады.

М: Қараңғы болғандықтан ештеңке көре алмады. Білім алуға келдік.
Күрделі пысықтауыштар өз арасында жіктелмейтін лексика – грамматикалық тұтас топ есебінде бір күрделі мүше қызметін атқарады. Олардың құрамынан сөйлемге тән эементтердің бәрі табылмайды.
Ал үйірлі пысықтауыш құрамында өз алдына дербес қарастырғанда, сөйлемге тән предикативтік қатынастың ізін айыруға болады. М: Күн шыға, таң біліне, ел жата, жаз шыққанша, қас қарайғанда. Мәз болады болысың арқаға ұлық қаққанға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет