Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Қазақ тіліндегі құрама баяндауыштар



бет96/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Қазақ тіліндегі құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады. Құрама баяндауыштардың негізгі сөзі зат есім, сын есім, есімдік, еліктеуіш сөздерден болады.
Есім баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, оларға шақтық, жақтық, модальдық мағына қосу керек болғанда, оларға көмекші етістіктер мен модаль сөздер қосылып айтылады.
Құрама баяндауыш жасауға қатысатын көмекші етістіктер: еді, екен, емес, бол, қыл, көр, ет т.б.
Мыс: 1. Мен кеше ғана оқушы едім, енді студент болдым.
2.Есік қаққан көршіміз екен.
3.Бүгін күн аса суық емес.
4.Біраз уақыттан соң найзағай жарқ ете түсті.
5. Үй іші қуанышқа кенеліп, мәре – сәре болды.
Соңғы мысалда мәре – сәре болды деген тұрақты тіркес сол тобымен құрама баяндауыш болып тұр.
Құрама баяндауыш құрамындағы модаль сөздер
Есім баяндауыштарға көмекші болып, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалатын модаль сөздер: болар, көрінеді, шығар, білем, керек, тиіс, мүмкін, т.б.
Мыс: 1. Кешегі парталас досым бүгін білікті инженер болып шыққан көрінеді. 2. Жұмыс орны үйне жақын білем.
Кейде бір есімге бірнеше көмекші етістік қатысты болып, баяндауышқа әр түрлі шақтық, райлық, модальдық мағына қосып, айтылмақ ойды дәлдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет