Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет87/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Қабысу. Қабысу – сөздердің ешбір жалғаусыз, тек іргелес тұрып байланысуы. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің іргелес орын тәртібі болып табылады. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, Субстантивтенген сын есім, сан есімдер болады.
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі – зат есімне құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. М: күміс қасық, ағаш күрек, жібек орамал.
Сын есімді және сан есімді тіркестер анықтауыштық қатынаста жұмсалады. М: көк шөп, ақ қара, жақсы кісі, салқын жел, тәтті ас, үш бөлмелі үй, бірінші хат, бес – алты бала.
Есімшелі тіркестер де анықтауыштық қатынаста айтылады. М: айтатын арыз, от жағылған пеш.
Есімдікті тіркестер де анықтауыштық қатынаста: ана тау, бұл сөз, сонау үй, осы өзен.
Жанасу. Жанасу – сөздердің ешбір жалғаусыз, басыңқымен іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысу түрі.
М.Балақаев жанасуды сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі есебінде қабысу деп тауып, «алшақ қабысу» деп атайды.
Ал сөз тіркестерін зерттеуші белгілі ғалым Т.Сайрамбаев: «Жанаса байланысу формалары үшін ең негізгі критерий – негізгі сөздерге септік жалғаусыз көмекші сөздердің тіркесуі» деген анықтама беріп, алшақ орын тәртібінен басқа жанасудың бірнеше түрлі жасалу жолдарын көрсетеді:

  1. Негізгі сөз бен шылау сөздің тіркесуі арқылы: не үшін сұрадың, кеш сайын тыңдайды, радио арқылы сөйлесу, келген соң сөйлеспек, өзен сайын салынған.

  2. Негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік арқылы: Қатені қайталамайтын боп түсіну керек. Көңілін аулайын деп қалжындай сөйледі. Төбе-төбе боп үюлі тұр.

  3. Негізгі сөз бен модаль сөздің етістікпен тіркесуі арқылы: Естімеген сияқты отыра берді, дос тәрізді араласты, таныс сияқты сәлемдесті, т.б.

  4. Түрлі сөз таптарына есе, рет, мәрте, қайтара сөздерінің тіркесуі арқылы: екі рет шабуыл жасады, үш есе көбейді, бірнеше мәрте келді, т.б.

  5. Көнеленген септік жалғаулы фразеологиялық тіркес арқылы: бас аманда жету; берсе қолынан, бермесе жолынан алу; бет – аузы шімірікпестен айту; бесіктен белі шығысымен үйренеді, т.б.

Сонымен, орын тәртібі арқылы немесе негізгі сөз бен септік жалғаусыз көмекші сөздердің түйдекті түрлерінің және көнеленген септік жалғаулы сөздердің етістікпен тіркесін жанасу деп атаймыз.
Жанаса байланысқан сөз тіркестері негізінен әр түрлі пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.
Әдебиеттер:

  1. Балақаев., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971.

  2. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.

  3. Бейсенбаев К.А. қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз тіркестерінің кейбір түрлері. 1974.

  4. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. 1981.

  5. Қазақ грамматикасы. А.2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет