Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет86/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Матасу. Матасу басыңқы және бағыныңқы сыңарлардың ілік септігі жалғау мен тәуелдік жалғауы арқылы тұлғаласа байланысуы болып табылады. Мысалы: Талғаттың кітабы, оқушының қаламы, мұғалімнің суреті, қарлығаштың ұясы, суретшінің суреті.
Матаса байланысатын сөздер көбіне зат есімдер болып келеді. Ілік жалғаулы сөздердің әр түрлі құрамда айтылуына қарай байланысқан сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалып, мынадай мағыналарды білдіреді:

  1. Ілік жалғауы жалғанып меншіктілік қатынасты білдіреді. М. Менің көйлегім, ұстаздың кітабы, ағайдың көзілдірігі.

  2. Ілік жалғаулы сөздер туған – туысқандық ұғымдағы сөздермен тіркесіп, туысқандық қатынасты білдіреді. М: Менің ағам, Айнұрдың көкесі, Бағыланның атасы.

  3. Сондай –ақ, зат пен заттың табиғи байлансын білдіреді. М: ағаштың жапырағы, гүлдің сабағы, теректің бұтағы.

  4. Ілік жалғаулы сөз септік ұғымы бар зат есім және тәуелдеулі сан есімдермен тіркесіп, бөлшектеу мағыналарын береді. М: оқушылардың бірі, саяхатшылардың көпшілігі.

  5. Талғау мағынасында жұмсалады: қыздың көріктісі, адамның қуы, аттың жүйрігі.

  6. Сын есім матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары болғанда заттық мағынаға ие болады. М: сенің сұлуың, қаланың бұзығы, адамның ажарлысы.

  7. Есімшелер әрі заттық, әрі қимылдық сапа мағынасында жұмсалады. М: менің жазғаным, сенің көргенің, оның айтқаны.

Меншіктілік ұғымының мендік, сендік не бөгделік болуына сәйкестеніп, тәуелдік жалғау сөздер үш жақта жұмсалады.
Сонымен, матасу ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы болып табылады және негізінен есімді сөз тіркесінде жиі жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет