Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Лекция №5.3 Лекцияның тақырыбы



бет88/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Лекция №5.3
Лекцияның тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Жоспары:
1.Сөйлем мүшелерінің түрлері.
2.Бастауыш, оның мағыналық және тұлғалық белгілері.
3. Баяндауыш, оның тұлғалық және мағыналық белгілері.
4. Анықтауыш, оның тұлғалық және мағыналық белгілері.
Сапалық және меншіктік анықтауыш. Күрделі және үйірлі анықтауыш.
5.Толықтауыш, оның қызметі мен тұлғалық белгілері.
6.Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері мен қызметі.
Сөйлем арқылы ой алмасу процесі жүзеге асырылып, тиянақты ой айтылады. Сөйлемге тән негізгі белгілер: 1. Предикативтілік (тиянақтылық); 2. модальдылық; 3. Тиянақты интонация.
Сөйлемде сөздер бір – бірімен тіркесіп жұмсалып, сөйлемге мүше болады. Еш сөбен тіркесу қабілеті жоқ сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Сөйлем байымдауды, хабарлауды, сұрауды, модальдылықты білдіреді. Сонымен, предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз. Біз өзара пікір алысқанда ойымызды сөйлем құрау арқылы жеткіземіз. Яғни, сөйлем – пікір алысу құралы. Сөйлем сөздерден құралады, сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуімен сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөйлемдегі сөздердің әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасына лайық сөйлем құруға қатысып, тұтас мазмұнына қатынасып тұрады. Олар сондай –ақ сөйлемде не жалаң мүше қызметінде, не күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық және грамматикалық мағыналарын айқындай түседі. Сөйлем бір сөзден тұса да, бірнеше сөден тұрса да, дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөздерден пауза арқылы оқшауланады. Сөздер сөйлемде қалай болса солай орналаса салмайды, мағыналары жағынан сәйкестеніп, өз орнын тауып орналасқанда ғана сөйлем бола алады.
Бұрын синтаксистің зерттеу нысанының ең жоғарғы сатысы сөйлем деп танылатын. Қазіргі кезде тілде мәтін, абзац, күрделі синтаксистік категориялар объектіге алына бастады. Сонда сөйлем сөз бен сөз тіркестерінен құралған үлкен категория болғанымен,енді олар күрделі синтаксистік тұтастықты құраушы элемент ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет