Маргарин (франц.margarine) – жоғары сапалы тағам майларына сүт, тұз, қант т.б. қоспалар қосып дайындалатын өнім. Маргарин өндірісінің шикізаттарына өсімдік майлары, қорытылған жануар майлары, сүт, сары май, май бояғыштары, тұз қант, витаминдер, эмульгаторлар жатады. Калориялық жағынан маргарин сары майдан кем емес. Құрамына өсімдік майларымен бірге енетін шектік май қышқылдарының мол болуы оны балқу температурасының төмен болуына әсер етеді (27-340С), сондықтан оның сіңімділігі жоғары (97,5%-ке дейін). Маргаринге дәрумендер қосу арқылы сапасын арттырады. Маргарин құрамында 82%-ке дейін май және 17%-ке дейін су болуы мүмкін. Калориялығы (100г) – 640 ккал.
Маргарин өндіруде негізгі шикізат болып май массасы (саломасса) есептелінеді. Ол сұйық өсімдік және жануар майларын гидрогендеу кезінде алынады. Сұйық майлардың құрамындағы қанықпаған май қышқылдарын сутегімен қанықтырған кезде май қатты түрге айналады. Тағамдық май массасы өңделінетін шикізатына байланысты өсімдіктен немесе кит майынан алынған болып бөлінеді. Сонымен бірге маргарин өндіру кезінде майлы негіз ретінде табиғи тазаланған (кокос, жануар майлары) қолданылады. Дәмін келтіру үшін маргарин құрамына қант, тұз, како-ұнтағын, бояғыштар, эмульгаторлар, хош иістендіргіштер және сүт қосылады.
Маргарин асханалық, бутербродтық және өндірісітік өңдеуге арналған болып үш түрге бөлінеді.