- май өнеркәсібі өнімдерін өңдеуде негізгі технологиялық есептеу әдістемелерін үйрену; - май өнеркәсібі өнімдерінің негізгі қасиеттерінің өңдеу процесінде өтетін өзгерістерімен және жасау технологияларымен танысу; - май өнеркәсібі өнімдерінің нормативтік қужаттарымен, стандарттарымен танысу; - май өнеркәсібі өнімдерінің технологиялық есептеу әдістемелерінің ақпараттық жобалау және пайдалану саласындағы қолданбалы бағдарламалар пакеттерін үйрену; - қазіргі заманға сай май өнеркәсібі өнімдерін өндіретін технологиялық процестерін қарастыру. 3. Шығарылатын өнімнің ассортименті. - Тағамдық майлар. Тағамдық майлар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Қолданылуына қарай олар тағамдық және техникалық болып екіге бөлінеді.
- Тағамдық майлар сонымен қатар кулинарлық, асханалық, наубайханалық, кондитерлік және консервілік болып бөлінеді. Кулинарияда майлар таза күйінде немесе маргарин және басқа арнайы кулинарлық майлар түрінде қолданылады. Асханалық майларға төмен температурада алынған дәндер жатады және олардың көбісі тазартылған күйінде болады. Наубайханада майларды (күнбағыс, қыша майы (горчичное) және рапс майы) тек қана қамырға қосуға ғана емес, сонымен қатар формаларды майлауға да қолданылады. Консервілерді дайындауда тазартылған күнбағыс және мақта майлары, сонымен қатар зәйтүн, қыша, арахис, кунжут және олардың қоспалары қолданылады.
- Техникада майлардың қолданылуына қарай бірінші орында – жуғыш өндіріс құралдары, екінші орында – лак, краска, олиф шығаруға арналған ашыған май өндірісі болып табылады.
- Өсімдік майлары мен оның өнімдері фармацевтикалық өндірісте кеңінен қолданылады: майсана (кастрондық), кротондық - әлсіздендіргіш зат ретінде; ал зәйтүн және басқалар – инъекция үшін витаминдер мен басқа препараттардың ерітінділерін дайындау үшін; какао, зәйтүн, миндаль және майсана (кастрондық) майлары – косметикалық заттар жасауда қолданылады. Сонымен қатар өсімдік майлары клеонка, су өткізбейтін маталар жасауда пайдаланылады. Темір өңдеуші өнеркәсіпте, құйма өндірісінде де кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |