Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Арнайы мектептің оқу – материалдық базасы



бет128/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

3. Арнайы мектептің оқу – материалдық базасы

Арнайы мектеп – интернаттың оқу материалдық базасының мазмұнына мыналар кіреді: заманауи талаптарға сай келетін ғимарат, сыныптар; арнайы оқу кабинеттер жүйесі; оқушылардың демалысы және сыныптан тыс жұмысына арналған бөлмелер, қосымша бөлмелер. Мектептің оқу – материалдық базасына сонымен қатар, мектептің педагогикалық, оқу және балалар кітапханасы, оқу және тұрмыстық жиһаз, ойын және спорт құралдары, сыныптарды оқу бөлмелерінің жабдықтары, естімейтін және нашар еститін блалардың сөйлеу тілін және қалдық естуін тексеру, дамыту және қолдануға қажетті арнайы техникалық құралдар кіреді. Сонымен қатар, заманауи техникаларды болуы қажет: телефондар жүйесі интернет желісі, интерактивті тақта, компьютер сыныптары және т.б.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігінің маңызды алғышартына арнайы мектеп – интернатта барлық оқу пәндерін қамтитын кабинеттер жүйесін құру болып табылады. Бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер мектеп жабдықтарымен қамтылып, арнайы есту аппаратуралары болуы керек.

Мектеп оқу кабинеттерінің оқу жабдықтарының құрамына мыналар кіреді:



  • табиғи (натуралды) нысандар (лабараториялық және демонстрациялық жұмыстар үшін);

  • нысандардың кескіндері мен бейнесі (көлемді құралдар, тегіс құралдар, аудиовизуальды құралдар);

  • заттар мен құбылыстарды жазбаша сипаттау (оқулықтар, анықтамалық және ғылыми кітаптар, әдістемелік әдебиеттер);

  • оқу ақпараттарын көрсетуге арналған техникалық құралдар (видео, компьютерлер, диафильмдер, интерактивті тақта, слайдтар т.б.)

  • жеке және ұжым боп қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратуралар. Қалдық естуі мен сөйлеуін тексеруге арналған техникалық құралдар.

Кабинеттерде оқу жабдықтары тек сабақтарда ғана емес, сыныптан тыс уақытта да қолданылады.

Оқу кабинеттерінің қатарына естіп қабылдауын дамыту және дыбыс айтуын қалыптастыру бойынша жеке және фронтальды сабақтарға арналған арнайы кабинеттерде жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет