Ерте жастан естімей қалған мектеп жасына дейінгі балалар
Бұл балалардың естіп сөйлеу тілін қабылдау реабилитациясы бірнеше жылға созылады және КИ көмегімен естіп сөйлеу тілін қабылдауын дамытумен ғана шектелмейді. Бұл балалар сөйлеу тілін ерте жастан жоғалтқаны себебі, олардың қарым – қатынасы мен таным құралы болып табылатын тілдік жүйесінің коммуникативті және когнитивті дағдысының қалыптасуы мен ауызша сөйлеу тілінің барлық жағы бұзылады. Әртүрлі дағдыларының қалыптасуының бұзылу деңгейі әр балада әртүрлі болғандықтан әр балада КИ қолдану перспективасы мен естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту реабилитациясының мақмұны да әртүрлі болады. Сондықтан да сурдопедагогтың міндеті баланың КИ кандидат екенін анықтап қана қоймай, оның операциядан кейінгі естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту реабилитациясын бірнеше жыл бойы өткізуге қолайлы жағдай мен оның тиімді өтуіне қажетті түрлі дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау.
Алдын ала анамнез жиналады. Онда баланың есту жағдайы мен перинатальды кезең жайлы және ерте психо – моторлы, сөйлеу тілінің дамуы, сурдрпедагогпен дайындалуы, аурулары, травмалары жайлы, қандай мекемеге баратыны жайлы, мәліметтер болады. Көбіне ата – аналарға толтыру үшін парақтар беріледі және соған сүйенеді. Кішкентай балалармен тексеруді бір күнде өткізуге болмайды, сондықтан да бірнеше күнді талап етеді. Сондай – ақ тұрғылықты жері бойынша естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту үшін қолайлы жағдайды бағалау үшін, ата – анасы операцияға дейінгі дайындалып жүрген педагогтан балаға мінездеме мен КИ жасалғаннан кейін баланың баратын мекемесі жайлы мәліметтерді алып келуі керек.
Сонымен естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың мыналарын бағалау керек:
ЕА көмегімен қалдық есту жағдайының қалыптасқанын бағалау;
Ауызша сөйлеу тілінің жағдайы;
Оқу дағдысы мен тілдік компетенциясының деңгейі:
Қарым – қатынас құралы мен коммуникация дағдыларын;
Еріннен оқу дағдысының қалыптасуын;
Когнитивті дағдыларының қалыптасуын;
Эмоционалды – ерік сферасының қалыптасуын;
Сөйлеу тілінің дамуына әсер ететін қосымша бұзылыстардың болуы;
Естімейтін балалардың түрлі дағдыларын дамыту үшін ата – аналарының қабілетінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |