Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Тауық эмбрионының құрылысы



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Тауық эмбрионының құрылысы.
Әдетте тауықтар ұрықтанған, яғни ұрықтың бластула немесе
ерте гаструла сатысындағы жұмыртқа шығарады. Осындай жұмыртқаны тауықтың дене қызуының
температурасына дейін қыздырғанда ұрықтың ары қарай дамуы байқалады. 
5 күн мен 12 күн аралығында инкубацияланған тауық эмбриондарын вирустарды жұқтыру
жұмыстарныда пайдалануға болады. Эмбриондар дамып жатқан жұмыртқаның сырты ұсақ саңылаулары бар
қауызбен қапталған, қауыздың ішкі жағында жанаса қабықша (қауызының астыңғы қабықшасы) орналасқан.
Жұмыртқаның доғал жағында ауа камерасы болады. Ұрық (зародыш) денесі қауызға жақын, ал ұрықтың
басы ауа камерасына қарай бағыттала орналасқан. Ұрық сұйықтыққа толы амнион қуысының ортасында
орналасады, оның кіндігі саруызға жалғасып жатады. Қауыздың астыңғы қабықшасының ішкі жағында
амнион мен сарыуыз қапшығын қоршап тұратын аллантальды қуыс бар. Ұрықтың дамуы кезінде аллантоис
қабықшасы хорионмен қосылып, хорион – аллантоис қабықшасын (ХАҚ) құрайды.
Тауық эмбриондарында өсірілген вирустардың көпшілігі аллантоис және амнион сұйықтықтарында
жиналып, дайын вирустық суспензияны құрайды. Инкубацияның бастапқы кезінде сарыуыз қапшығында
ұрықтың дамуына қажетті қоректік заттар көп жиналып, эмбриогенездің 12 күндерінде ондағы қоректік
заттар азаяды. Сондықтан вирусы бар материалдармен сарыуыз қапшығын жұқтыру инкубацияның 5-7
күндерінде жүргізіледі.
Амнион қуысы
ұрықтардың дамуына қажетті буферлік орта болып есептеледі. Инкубация кезеңінің
ортасына қарай бұл жерге 1 мл-ге дейін сұйықтық жиналады. Амнион қуысына жұқтыру үшін 6-10 күндік
эмбриондар пайдаланылады. 
Аллантоис қуысында
зәр қышқылды тұздар, фосфорлы және азотты қосылыстар жиналады.
Ұрықтардың дамуы, өсуі кездерінде аллантоис сұйықтығында қышқылды реакция жүреді. Аллантоис қуысы
көлемінің максимальды ұлғаюы эмбриондар дамуының 9-12 күндері байқалады. Осыған байланысты
аллантоис қуысына жұқтыру үшін 9-11 күндік эмбриондарды алады.
Хорион – аллантоис қабықшасындағы қан тамырлары қауыздың ішкі жағына бойлай орналасып,
ұрықты оттегімен қамтамасыз етіп отырады, яғни эмбриондардың тыныс мүшесі қызметін атқарады. ХАҚ-
ның максимальды жетілуі 11-13 күндері байқалатындықтан, жұқтыруға 10-12 күндік тауық эмбриондарын
қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет