Келесі кезең – өте күрделілердің бірі, тақта қарапайым экран емес, интерактивті тақта болады. Бұл білім алушы тақтаның интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану кезінде түрлі тапсырмалар мен оқушы білімін тексерудің түрлі нұсқаларын ойластыру.
Сондай-ақ, бүгінгі күні іске асырылуы күрделі кезең – бұл компьютерлік тестілеу.
Бұл мектепте АКТ қолданудың алуан түрінің бір қыры. АКТ қолдану қазір оқу үрдісіне дендеп еніп келеді. Дегенмен, мұның көптеген пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар. Ең бастысы, білім алушы дәстүрлі оқудан алыстап, кітапты пайдаланбай кетуі мүмкін. Көзбен көрген ақпараттар легі шоғырланып, кейбір оқу арқылы есте сақтау қабілеті бар оқушылар тоқырауға ұшырап, сабақты қабылдауы төмендейді. Бұл әлі де зерттеп, сабақта АКТ қолдану уақытының мөлшерін анықтауды қажет етеді.
Сонымен АКТ қолдану әр оқушының санаткерлік дамуын қамтамасыз ете отырып, білім сапасын арттыруға шексіз мүмкіндік береді, білім алушының танымдық қызметін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |