Өмірдің МӘні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы


Психологиялық типтер психикалық денсаулықтың формасы ретінде



бет13/17
Дата08.04.2022
өлшемі72,92 Kb.
#138393
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
7-8 лек
ll43trf8424g481jqyp9i5b5q7fly0b7huab6rly9afhov (2)

Психологиялық типтер психикалық денсаулықтың формасы ретінде.


Психикалық денсаулық формаларының төрт типологиясы бар:
Интуитивті-логикалық тип. Тұлғаарлық қатынаста эмоционалдық қатынастың төмендігі , өзін таныту мүмкіндігінің жетіспеуі. Бұл типтегі адамдардың негізгі мәселесі жақын адамдармен қарым-қатынасымен, сондай-ақ өзін-өзібағалаудың тұрақсыздығымен байланысты. Бұл әсіресе жалғыздықтан, оны жеңудегі өжеттік пен ойланбай жасалған істерінен байқалады. Бұл типтегі
адамдармен коррекциялық жұмыс негізгі даралық қасиеттеріне сүйене отырып өзін-өзібағалауын тұрақтандыру, сонымен қатар вербальды емес қарым- қатынас дағдыларын дамыту, қарым-қатынаста ашықтықты ұстануға үйрету болып табылады.
Сенсорлық-жоспарлаушы тип. Бұл типтің жоғары тұрақтылығын ескере отырып жүйке бұзылу мүмкіндігін болжауға болады. Бұл кенеттен болған өзгерістерге өткір, бірақ жасырын сезімталдықтан, мінез-құлықтың икемсіздігінен, өз сезімдерін адекватты көрсете алу қиындығынан байқалады. Осыдан психологиялық коррекцияның негізгі мақсаты туындайды – комуникативтік құзіреттілікті көтеру, қарым-қатынаста өзін-өзіқадағалау дағдысын қалыптастыру.
Интуитивті-сезімтал тип. Осы тип өкілдері шекаралық бұзылыстарға анғұрлым бейім келеді (истериялы, мазасыз, аффективті, үрейлі шабуылшы) аффективті және мотивациялық аясы бұзылған адамдар. Теріс эмоциядан қорғансыздық және жан жараланғыш болғандықтан байқалады. Психологиялық коррекцияның негізгі мақсаты: тұрақты өзін-өзіқадағалау дағдысын қалыптастыру, еріктік сапаларды және ұйымдастыру қабілетін дамыту болып табылады..
Сенсорлық-импульсивті тип. Невротизация кезінде бұл тип патологияның және оның терең формаларының көрінуіне ықпал етеді. Невротикалық бұзылыстың қалыптасу салалары: қақтығыстар және кәсіби саладағы қысымдар, бостандықты шектеудің әр түрі, өмірінің әр түрлі аймақтарын сырттай қадағалау. Дезадаптация шектен тыс қозу, экзальтация, жүйесіздік, әлеуметтік байланыстардың, қызығушылықтар мен бейімділіктердің бейберекеттігі формаларында байқалады. Осыдан психологиялық коррекцияның негізгі мақсаты туындайды- еріктік сапаларды дамыту және нығайту, ішкі ұйымдастырушылық пен өзін-өзітәрбиелеуді жоғарлату, өзін- өзітануды тереңдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет