1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
4-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
4-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
4-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК,Ұ) Бұл сабақта оқушылар 4-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. (МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы тапсырмада берілген сұрақтар бойынша сұрақ қояды, оқушылар оған өз қалауы бойынша жауап бере алады. Мысалы: Мынау не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада бір аңның немесе үй жануарының суреті болуы керек). Мынау піл ме? (Мұғалім бір суретті көрсетеді.) Аулада не бар? Сен не істейсің? Сен не саласың?
(Ж) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
(МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім андар, үй жануарлары, ауладағы, айналадағы зат атауларын, сандарды қайталауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:
- қандай сурет салатынын (Мен ағаш саламын) айта алу дағдылары қалыптасуы қажет.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Андар, үй
жануарлары,
ауладағы,
айналадағы
заттар,
сандардың
суреттері бар
карточкалар.
№1 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
41-45 минут
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Тақырыбы: Мен мектепке барамын
Мектебі:
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
1.2.3.1. (Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.2.4.1. Шағын мәтінді / қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Өзінің қайда баратынын (мектеп - мектепке, тау - тауға, саябақ - саябаққа, айта алады, сондай-ақ сыныптасынан қайда баратынын сұрай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып көлеміндегі белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй
қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Мұғалім тапсырмада берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және мектеп, may, саябақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздер барамын етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралы түсінік береді. Мысалы: мектеп - мектепке, may - тауға, саябақ -саябаққа.
(МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп, may, саябақ сөздерін қайталайды, есте сақтайды, мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (саябақ) дұрыс дыбыстауларына мән береді.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушылардың мектеп, may, саябақ сөздерінің барамын етістігімен қолданылғанда қандай өзгеріске түсетініне (барыс септігінің жалғауымен) аударады. Оқушылар кесте арқылы тауға, мектепке, саябаққа баратынын айта алуды үйренеді.
(МК, Ж) «Есте сақта!» айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушылар «Иә, барамын», «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйренеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау, жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз қалаулары бойынша иә/жоқ деп жауап береді.
Оқулық
(ОТ) 4-тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеу үшін оқушылар берілген үлгіні тыңдайды, қайталайды. Содан кейін өздері ақ қағазға қайда баратынының (мектеп, саябақ, тау) суретін салады. Сурет салу барысында мұғалім олардан не салатынын, қайда баратынын жеке-жеке сұрай алады. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан соң, әрқайсысы өз суретін көрсетіп, тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі: Мынау - мектеп. Мен мектепке барамын. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Аудиодиск: 5.1.1.; 5.1.2. Қағаз,
қарындаштар.
№2 жұмыс
дәптері
Қосымша
тапсырма:
5.1.
Сабақтың соңы (41-45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша
қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.
1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.
1.5.2.2 . Мұғалімнің көмегімен ә әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және
жазу.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Басқа біреудің қайда баратынын/бармайтынын айта алады, ә дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мұғалімнің көмегімен бару етістігін үш жақта (барамын - барасың - барады) қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың басы (2-5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді. Оқушылар өткен сабақ бойынша саябақ сөзін саябаққа деген үлгіде қолданылуын біледі, сондықтан сол үлгі бойынша үй, дүкен сөздерінің де өзгеруі түсіндіріледі. Мысалы: үй ^ үйге, дүкен - дүкенге. Оқушылардың мына сөйлемдерді айта алуына назар аудару керек: Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. Мен саябаққа барамын. Мен үйге барамын. Мен дүкенге барамын. Мұғалімнің суреттер жиынтығында осы 5 сурет (мектеп, тау, саябақ, үй, дүкен) міндетті түрде болуы керек. Өткен материалды әр сабақ сайын қайталатып отырған жағдайда ғана оқушылар оқу материалын толық меңгеріп шыға алады.
(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолдануына аударады. Оқушыларға барамын –
Оқулық Аудиодиск: 5.2.1.;5.2.3.; 5.2.5.
барасың - барады арасындағы айырмашылық түсіндіріледі. Мен сөзімен барамын, сен сөзімен барасың, ал ол сөзімен барады қолданылатыны айтылады. Оны жаттықтыру үшін, мәселен, мұғалім мен деп бастайды, оқушылар барамын деп аяқтауы керек. Осылай етістіктің үш жақта қолданылуы жаттықтырылады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар «Ол қайда барады?» деген сұраққа жауап беру арқылы барыс септігі жалғауының қолданысын қайталайды, берілген сөйлемдерді толықтырып айтады. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын қайтадан 1 - тапсырмадағы суретке аударады. Енді оқушылар сурет бойынша кімнің қайда баратынын (III жақта) түсініп айта алады. Мысалы: Арай дүкенге барады. Әділ үйге барады. Арман саябаққа барады. (Ж, Т) 3-тапсырмада балалар топпен жұмыс істейді. Ең алдымен тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады. Мұғалім оқушылардан неше адамның дауысын естігендерін сұрайды. Соған қарай сөйлесуге қатысатын балалар санын анықтайды. Оқулық бойынша сөйлесуге екі оқушы және мұғалім қатысады. Негізі бұл диалогті 3 бала және мұғалімнің қатысуымен жүргізуге болады. Ол үшін сыныптағы оқушылар 3 баладан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды (мұғалімнің сұрағына жауап береді). Мысалы: 1-оқушы: - Сен қайда барасың? 2-оқушы: -Мен үйге барамын.
Мұғалім: - Ол қайда барады? (Екінші оқушы туралы сұрап түр).
3-оқушы: Ол үйге барады.
(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылар барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіреді: Ол барады. Ол бармайды.
(Ұ) 4-тапсырмада оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды. Сөйлемнің қасында қойылған белгі бойынша (* - барады, S - бармайды) оқушылар барады, бармайды сөздерін қолданады. Осы тапсырмада берілген «Сенің досың қайда барады?» деген сұрақ бойынша оқушылар өздерінің достары қайда баратынын айту арқылы бару етістігін III жақта қолданады. (МК, Ұ) Мұғалім э дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің э дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ә дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудио дискіден ә дыбысының айтылуын және ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ә дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.
Мәселен, ә дыбысын айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.Тіл төменгі тістерге тіреледі. Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды (буындарды) салыстыра беру арқылы да жаттықтыруға болады. Мәселен: а-ә (ма-мә).
Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ә дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім оқулықта дауысты дыбыстар қызыл түспен, дауыссыз дыбыстар көк түспен берілгенін түсіндіреді.
Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: әже, әке, әріп. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ә дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Әсет т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ә дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: әже (кім?), әріп (не?), Әсет (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
№2 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 5.2.
Сабақтың соңы
41-45 минут
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.