Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет9/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью




Тақырыбы: Андар

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен ойын білдіру.

1.2.6.1. Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым

пайымдамасын (ұнайды/ұнамайды) жасау.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.)

ажырату.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Аңдарды атай алады, өзінің қандай сурет салатынын айта алады. 20-ға дейін санауды үйренеді.



Оқушылардың басым бөлігі:

Өзінің суреті бойынша ақпарат бере алады. Қандай аң салғанын, оның санын айта алады.Тақырып көлемінде өзара сұрақ-жауапқа қатыса алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да аң атауларын біледі, олардың атауларын өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушылардың назары суретке аударылады, сурет бойынша оқушылар аң атауларымен танысады. Жаңа сөздерді тыңдау, қайталау, сұрақ қоя білу жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) 2-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша өздерінің қандай сурет салатындары туралы сөйлеседі. Мысалы:

- Мен сурет саламын.

- Сен не саласың?

- Мен қоян саламын.

- Сен неше қоян саласың?

Мен екі қоян саламын. МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар 10-ға дейінгі сандарды қайталайды және мұғалім 11-ден 20-ға дейін санауды үйретеді. Оқушылармен сандар бойынша түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Мысалы, кезекпен 1-ден жиырмаға дейін санау, карточкадағы сандарды ретімен қойып шығып айту, қосу амалы арқылы есеп шығару т.с.с.

(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар аңдар туралы тақпақпен танысады. Тақпақты тыңдау, хормен, жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.



Оқулық

Аудиодиск: 4.2.1.; 4.2.2. 4.2.3. 4.2.4.






(ОТ) Оқушылар ақ қағазға тақпақта кездесетін андардың суретін салады (керік, піл және түлкі, кірпі). Суреттегі андардың санын әр бала өзі шешеді. Содан кейін әр бала өзінің суретін көрсетіп тұрып тақпақты айтады. Ал оқушылар оның суретіндегі аңдарды санайды. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма:



Сабақтың соңы 41- 45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Біздің аула

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/ жіктік /жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Аулаға қатысты белсенді лексиканы еркін қолдана алады, аулада не бар екенін айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша сұрақтар қоя алады, тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады.



Кейбір оқушылар:

Ауладағы басқа заттарды да атай алады, сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген аула туралы мәтін үлгісіне аударады. Осы мәтін арқылы оқушылар жаңа сөздермен танысады: Мынау - аула. Аула үлкен. Аулада ағаштар, гүлдер бар. Оқушылармен мәтінді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды бала, ағаш, жұлдыз, гүл сөздерінің көпше түрімен таныстырады. Оқушылар сурет бойынша сөздерді көпше түрде қолдануға жаттығады: бала - балалар, ағаш - ағаштар, гүл - гүлдер, жұлдыз - жұлдыздар.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар сурет арқылы толықтырып айту арқылы аула туралы мәтінді қайталайды.

(Аулада ағаштар бар. Аулада гүлдер бар)

(МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша мәтінді тыңдап, қайталап, үлгі бойынша айтып үйренеді:



Мынау - біздің аула. Біздің аула үлкен.

Аулада ағаштар, гүлдер бар. Мен аулада ойнаймын.

Оқулық

Аудиодиск: 4.3.1.; 4.3.3.

Сандар жазылған карточкалар немесе текшелер, түрлі түсті қарындаштар.





(Ж) 4-тапсырмада оқушылар мәтін бойынша қойылатын сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Аула қандай? Аулада не бар? Сен аулада не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу.

(ОТ) Оқушылар өз аулаларының суретін салады. Оны сипаттап айтады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



А4 форматындағы қағаз, қарындаштар.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 4.3.


Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Аулада

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарла масына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қоя білу.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Аулада не істей алатынын айта алады, тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

Аулада не істейтіні туралы толық айтады, сабақта меңгергенін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттерге және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен аулада не істейсің? деген сұрақ үлгісімен және Мен футбол ойнаймын. (Мен сурет саламын. Мен асық ойнаймын. Мен велосипед тебемін) жауаптарымен танысады. Оқушылармен сөйлемдерді, сұрақты тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы сұрақ/ жауап үлгілері негізінде өзінің аулада не істейтінін айтуға жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беріп, толықтырып айтуға жаттығады. Берілген сөздерді (футбол, асық, сурет, велосипед) тағы бір қайталайды, ойнаймын, тебемін, саламын етістіктерін пысықтайды. Оқушылар топта, жұпта бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді. Осынан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни етістіктердің болым­сыз түрін қалай айту керек екенін үйретеді. Оқушылар асық ойнаймын / асық ойнамаймын, велосипед тебемін / велосипед теппеймін, сурет саламын / сурет салмаймын деп айтып жаттығады. Мұғалім оқушылардың назарын мына белгілерге (*У) (аударады, бұл белгілер басқа да



Оқулық.

Аудиодиск: 4.4.1.; 4.4.4.






сабақтардың тапсырмаларында кездеседі, бірі болымды, екіншісі болымсыз етістікті білдіреді, яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Алдында айтылып кеткен белгілердің сипаты бойынша оқушылар не істейтіндерін, не істемейтіндерін айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен велосипед тебемін. Мен асық ойнамаймын. Мен сурет салмаймын. Мен футбол ойнаймын. (Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Сен аулада не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Бұл үлгіні алдыңғы сабақтарда үйренген сұрақтармен толықтыруға болады, яғни балалар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, аулада не істейтінін сұрайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 4.4.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Менің елім

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.


1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ

мақсаты

Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша салған суретін сипаттай алады, не салғанын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Бір-бірінен не салғанын сұрай алады, сұраққа жауап бере алады, жіктік жалғауын мұғалімнің көмегімен дұрыс қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Туған елі туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ү) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Осыған дейін Менің елім тіркесін түсіндіріп, мағынасын айтып береді. Балалар суретті мұқият қарап, не көріп тұрғандарын айтады. Мұғалім суретте Қазақстан жазуы бар екенін, ол біздің еліміз екенін түсіндіреді. Оқушылар: «Мен сурет саламын. Мынау - күн» үлгісі бойынша берілген сөздерді (үй, ағаш, гүл, may, күн, ай, жұлдыз) сөйлемге қойып айтып жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар Мен үй (ағаш, гүл, тау, күн, ай, жұлдыз) саламын деп айтып жаттығады. (Т) Мұғалім оқушыларға ағаш, гүл, тау, күн, ай, жұлдыз салынған суреті бар карточкалар таратады. Оқушылар бір-біріне Мынау не? Сен не саласың? сұрақтарын қойып сөйлеседі, бірін-бірі тыңдайды, қайталайды. (Ж) 3-тапсырма оқушылардың үлгі бойынша айту дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алдымен берілген сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, содан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша айтып жаттығады, бір-бірін тыңдайды: Мен сурет саламын. Мынау - may. Мынау - ағаш. Мынау - гүл.



Оқулық

Аудиодиск:

4.5.1.; 4.5.2.; 4.5.3.





Мынау - үй. Бұл - Қазақстан. Қазақстан - менің елім. (МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар диалогпен танысады. Диалогті тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар жұппен жұмыс істеп, үлгі бойынша сөйлесіп жаттығады.

- Сен не саласың?

- Мен күн, ағаш, гүл саламын.

- Сен не саласың?

(ОТ) Оқушылар «Менің елім» тақырыбына сурет салады, содан кейін өзі салған суреті бойынша сөйлейді (айтады). Оқушылар суреттерінен сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыруға болады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Карточкалар

Ағаш, гүл, тау, күн, ай,

жұлдыз суреттері.

А4 форматындағы қағаз, қарындаштар.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 4.5.



Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет