Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет11/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью




Тақырыбы: Мен анаммен барамын

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды

сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс

байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап

құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Отбасы мүшелерін атай алады, өзінің қандай да бір жерге (дүкенге, саябаққа, мектепке, үйге, тауға) кіммен баратынын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Өзінің мектепке/үйге кіммен баратынын айта алады, мұғалімнің көмегімен көмектес септігінің жалғауын дұрыс қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді. Оқушылар атпа, әже, ана деген сөздерді қайталайды, балалардың қайда баратынын айта алуға жаттығады. (МК, Ү) 2-тапсырма арқылы қайда? сұрағы қайталанады. «Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді (Мен мектепке (тауға, дүкенге, саябаққа) барамын). Мұғалім суреттер бойынша оқушылардың есіне мектеп, may, саябақ, дүкен сөздерін түсіреді. Сондай-ақ екінші кесте бойынша мұғалім кіммен? деген сұрақты түсіндіреді. Бұл сұраққа да кесте бойынша жауап беру үлгілерін көрсетеді. Мысалы: Мен анаммен (әкеммен, атаммен, әжеммен) барамын. Осы тапсырма арқылы оқушылар қайда баратынын және кіммен баратынын айта алуға жаттығады.


Оқулық

Аудиодиск: 5.3.1.






(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді. Мысалы:

- Сен қайда барасың?

- Мен мектепке барамын.

- Сен кіммен барасың?

- Мен анаммен барамын.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім барамын етістігінің болымсыз түрін (бармаймын) түсіндіреді. Оны еркін қолдануға жаттықтырады. Ұ) 4-тапсырмада оқушылар барамын, бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды. Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша оқушылар барамын, бармаймын сөздерін қолданады. Осы тапсырмада берілген «Сен қайда барасың? Сен кіммен барасың?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы бару етістігін I жақта қолдануды бекіте түседі. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері.

Қосымша тапсырма: 5.3.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Көлік түрлері

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша

қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.

1.5.1.1. Мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын ауызша тілде қолдану.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, түсін сипаттай алады; ө дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, түстерді ажырата алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балаларға көлік атауларын (автобус, мәшине, ұшақ, пойыз, велосипед) түсіндіреді. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі: Мынау - автобус.

(ОТ) 2-тапсырмада оқушылар көлік атауларын суреттері бойынша қайталайды және өздері көліктердің суретін салады.- Оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша өздерінің қандай сурет салатындарын айта алуы қажет. Үлгі: Мен автобус саламын. Мен мәшине саламын т.с.с. Содан кейін оқушылардың суретінен көрме жасауға болады. Олардың суретін 1-тапсырмадағы сияқты сыныпқа іліп қоюға болады.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар көліктердің түсін айта алу үшін, ең алдымен, түстерді қайталайды. Содан кейін тапсырмада берілген автобустың түсін өздерінің қалауы бойынша айта алады. Мысалы: Автобус қызыл болады.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін



Оқулық

Аудиодиск: 5.4.1.; 5.4.5.

Қағаз,

қарындаштар.






тыңдайды, қайталайды, содан кейін өздері сол үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі:

- Сен не саласың?

- Мен ұшақ саламын.

- Ол қандай болады?

- Ол қызыл болады.

(МК, Ұ) Мұғалім ө дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ө дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ө дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ө дыбысының айтылуын және ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ө дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен ө дыбысын айтқанда ауыз сүйірленіп келеді. Тіл төменгі тістерге тіреледі. Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады. Мәселен: о-ө. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ө дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ө дыбысы дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.



Ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: төрт, көк, өрік. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ө дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Өнербек т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ө дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: өрік (не?), көк (қандай?), төрт (неше?), Өнербек (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 5.4.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






5-БӨЛІМ: САЯХАТ 5-САБАҚ


Тақырыбы: Мектепке барар жол

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. (Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? неше?) сұрақ қоя білу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сұрақты түсінеді, өзінің үйге, мектепке немен және кіммен баратынын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Мұғалімнің көмегімен көмектес септігінің жалғауларын дұрыс қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.



Кейбір оқушылар:

Мектепке, үйге баратын жолы туралы айта алады,

сабақта үйренген материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушылар көлік түрлерін қайталайды. Мұғалім оқушыларға бірінші баланың мектепке автобуспен баратынын, екінші баланың велосипедпен баратынын, ал үшінші бала мектепке жаяу баратынын түсіндіреді.

(ОТ, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар көлік түрлерінің ішіңде мектепке бару үшін қолданылатындарын қайталайды (автобус, велосипед, мәшине). Олар мектептің және осы көліктердің суретін салып, әр суреттің қасына оның атын жаза алады (көлік атауларында оқушылар әлі үйренбеген дыбыстар (қазақ тіліне тән) кездеспейтіндіктен, оқушылар олардың атын және мектеп деген сөзді жаза алады. (МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға жаяу сөзінің мағынасын түсіндіреді. Оны 1 - тапсырмадағы сурет бойынша жүзеге асыруға болады. Әдетте мектепке жақын тұратын оқушылар мектепке жаяу келетіні белгілі, сондықтан бұл сөз оқушылар үшін өте қажет болып табылады. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар берілген суреттер бойын­ша «Ол үйге ... барады» деген сөйлемді толықтырып айту арқылы белсенді лексиканы тағы бір рет қайталайды. (Т) 4-тапсырмада оқушылар топпен жұмыс істейді. Оқушы­лар тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тыңдайды, қайталайды, содан кейін өздері сол үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі: 1-оқушы: - Сен үйге немен барасың? 2-оқушы: — Мен автобуспен барамын. Мұғалім: - Ол үйге немен барады? 3-оқушы: - Ол автобуспен барады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық

Аудиодиск: 5.5.1.; 5.5.2.; 5.5.4.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 5.5.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.




А

1. Сабақ барысын өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет